«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Сытный донер» дүңгіршегі Ақтоғай ауылында ашылды

2018 жылғы 23 Қазан
- Павлодар облысы
15319 просмотров

«Сытный донер» – бистро-кафесі Ақтоғай ауылында ашылды. Қоғамдық тамақтандыру орталығының иесі Диана Сағындық жақында ғана кәсіпкерлікті қолға алған. Диана қыркүйек айының ортасында жеке кәсіп: тез тамақтаныудың дүңгіршегін ашты.

Кафені ауыл орталығында вокзал маңында орналастырды, онда ауылдың басқа да дүкендері бар. Кәсіпкер кафе форматы кездейсоқ таңдалмағанын айтты.

«Бүгінде киоск, дүңгіршек форматы сұраныста. Мұндай бизнестің дәстүрлі қоғамдық тамақтанудан бірқатар артықшылығы бар, бұған бастапқы жарна аз кетеді. Егер толыққанды кафе ашуға қомақты сомада қаражат керек болса, ал дүңгіршек ашуға екі есе аз шығын кетеді», – дейді Диана Сағындық.  

 Алайда, мұндай форматқа да бастауыш кәсіпкердің қаражаты жетіңкіремей, дүңгіршектің өзі ғана алынды. Бірақ, нәтижеге жетем деген адам барлық мүмкіндікті қолданады. Жабдықты жалға алуға тура келді. Диана «Бастау» жобасы бойынша оқып шығып, «Жылдам дөнер» дүңгіршегіне жабдық алуға бизнес-жоспар құрып, нәтижесінде 100 АЕК-ке тең келетін мемлекетттік қайтарымсыз қаржыландыруға қол жеткізеді. Енді осы қаражат жабдық алуға жұмсалады, ай сайынғы шығындар азаяды.

 «Мен Павлодар қаласында туып өстім. Ақтоғайда бесінші жыл тұрып жатырмын. Үйленген соң жолдасым оның туған ауылында тұрамыз деп айтты. Келістім, бірақ қаладан соң ауылда тұра алам ба деген үрей болғаны рас. Қазір ауылда тұрған жақсы деп сеніммен айта аламын. Бүгінде екі баланың анасымын, балаларым күнделікті таза ауамен тыныстайтынына қуаныштымын», – дейді кәсіпкер.

    Алайда, жас ана бастапқыда балаларын  қала өмірінен ажырап қалмасын деген оймен жиі облыс орталығына апарып жүрген.

 «Мен балалар қала өмірін танысын, өркениетті көрсін деп қалаға апарып жүрдім. Ауыл тұрғындарының көбі демалыс күндері балаларын қалаға апарып қыдыртады. Ал мұның бәрі қосымша шығын, сонымен қатар 125 шақырым қашықтыққа жүріп келу оңай емес», – деді кәсіпкер.

 Диана Сағындық ауыл балаларына қалаға бармай фастфуд дәмділерін ауылда дайындап беруді ойлады, жергілікті сұранысты зерттеді.

 «Менің мәселем, жеке кәсіп ашуға көмектесті. Қазір қалаға сирек барамыз, қазір жеке бизнесіміз бар, балалар-ойын-сауығы да жетерлік», – деді Диана Сағындық.

 Айта кетелік, «Сытный дөнер» өнімі ауыл тұрғындарына ғана емес, сондай-ақ жақын орналасқан ауыл округтері тұрғындарының да көңілінен шықты.  Сатып алушыларға өнімнің кең ассортименті ұсынылған: гамбургерлер, чизбургерлер, хот-дог, шаурма, дөнер, гриль тауығы және басқа да өнімдер өте дәмді. Диана осы жеткістіпен тоқтамай, басқа ауылдарда да осындай сауда нүктелерін ашу жоспарында бар.

«Жастар ауылдан кетіп жатыр. Ал Диана – қаланың қызы, белсенділігі арқылы бүгінде болашағын ауылдан көреді. «Бастау» түлегі жоба қорғап, тиімді бизнес көзін қолға алғаны қуантады. «Бастау» белсенді адамдар үшін кәсіпкер болуға зор мүмкіндік», – деді жоба бизнес-тренері Шарафат Трушева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер