«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекенде» тауарды таңбалау мәселесі талқыланды

2018 жылғы 28 Тамыз
9588 просмотров

Ұлттық палата алаңында сәйкестендіру арқылы тауарларды таңбалау және қадағалаудың ұлттық жүйесін талқылау бойынша жиын өтті.

Таңбалаудың және қадағалаудың ұлттық жүйесі, Қазақстан Республикасында тері бұйымдарын таңбалау бойынша пилоттық жобаның кеңейтілген  нұсқасы саналады.

2017 жылдың 27 қарашасында Ұлттық палата ҚР ҚМ МКК-мен бірлесіп Қазақстан аумағында теріден жасалған бұйымдарды таңбалау бойынша пилоттық жобаны іске қосқаны туралы жариялаған-тын.  Жоба тауарлардың көлеңкелі айналымымен күресте тауарларды таңбалаудың тиімділігін көрсетті. Қазақстанға жыл сайын 12 мың дана тері бұйымдары импортталатын, пилоттық жобаны іске қосқаннан кейін 236 мыңға жуық тері бұйымдары тіркелген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі МКК-нің деректері бойынша тауарларға арналған декларацияны рәсімдеуші импорттаушылардың саны 2 есеге артқан.

Таңбалауды енгізу мақсаты- мемлекеттік басқаруды жетілдіру, шынайы бәсекелестікті қолдау, нарықтың заңсыз өнімдерден қорғалуы, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту және бюджетке салық түсімдерін арттыру.
Бұдан басқа, таңбалау тұтынушыларға сатып алынған өнім туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға және контрафактілік сақтандыруға мүмкіндік береді.

«Тауарды таңбалау кәсіпкерге де, тұтынушыға да қажет. Тауарды таңбалау және қадағалау жүйесін құрудың негізгі міндеті - нарықтың «сұр» айналымын болдырмау, тауарлардың дұрыстығын растау, әділетсіз бәсекелестікті болдырмау, шектеу және жолын кесу және  теңдей жағдай жасау», - деді ҚР ҚМ МКК Басқарма бастығының орынбасары Ермек Сырғабаев.

2018 жылдың қарашасында отандық өндірушілер үшін темекі өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Дегенмен импорттық таңбалаудың уақытша мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр және осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың таңбалауды енгізуге арналған негізгі өткір мәселесі - заңнамалық актілердің болмауы және таңбалауға тағайындалған өкілеттіктердің жоқтығы, бұл өз кезегінде таңбалау мен қадағалауға жататын тауарлар тізбесін бекітуге, сондай-ақ оларды енгізу күнін тіркеуді тежейді.

Бұдан басқа, таңбалау әдістерін зерттеу үшін ешқандай жұмыс жасалмаған (тері бұйымдарын таңбалау үшін RFID белгісі пайдаланылған, DataMatrix темекі өнімдеріне арналған) және брендтердің құнын анықтау тәртібі анықталмаған. Ермек Сырғабаевтың айтуынша, үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен арзан дәрі-дәрмектерді таңбалаудың тегін немесе болмашы бағаға таңбалау  туралы мәселені қарастыруда. Бұл бастаманы Ұлттық палата қолдайды, алайда «Атамекен» әлеуметтік маңызы бар тауарлардың еркін таңбалануы нарыққа қатысушылардың қалғанына жүк болмауы керек және мемлекет шығындардың бір бөлігін өз мойнына алуы керек.

ҚР Қаржы министрлігінің өкілі мемлекет бизнеске таңбалаушы ретінде әрекет етуді ұсынғанын атап өтті. Бұл бизнес-қоғамдастыққа қызмет провайдерін таңдауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта ҚР ҚМ-нің үйлестіруші органы болатын операторлар ұйымдарының тізімі мен ережелері құрылады. Оператор - жүйені дамытатын, қосымшаны қабылдайтын және кодтарды шығаратын ұйым. Бұған қоса, таңбалау және этикеттеу орталықтарын құру жоспарланып отыр.

«Тауарларды этикеттеу орталықтары кәсіпкерлердің таңбалауды жүргізуіне көмектеседі. Мысалы импорттаушы тауарлардың шағын партиясын импорттағанда және Тауарларды этикеттеу орталықтарына хабарласу арқылы, кәсіпкер уақытша және қаржылық шығындарды қысқарта алады», - деді Ермек Сырғабаев.

Бизнес, өз кезегінде, қысқа сақтау мерзімі бар өнімдердің, мысалы жұмыртқаны таңбалау қаншалықты тиімді болатынына қызығушылық танытты.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бизнестің қызығушылықтарына орай таңбалауды іске асыруға байланысты шешім қабылдайтын болады», -деді Ермек Сырғабаев.

«Қазақстанның Тікелей сатулар қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Анастасия Калашникова таңбалау процесі бизнесті үлкен шығындарға алып келетінін атап өтті.

Сондықтан таңбалауға арналған жабдықты сатып алу ірі өндірушілер үшін 1-ден 10 миллион долларға дейін жетуі мүмкін, бұл сыртқы нарықтың өнімдерімен салыстырғанда ішкі өнімдердің құнын өсіріп жібереді. Осыған байланысты, таңбалауды жүргізу аясында  кәсіпкерлікке субсидия бөлу мәселесі  туындайды.

 «Біз қымбат жабдықты сатып алатын ірі өндірушілер үшін жеңілдетілген несиелерді, субсидияларды немесе лизингті қарастыратын құралдарды ойластырып жатырмыз», - деді Ермек Сырғабаев.

Сонымен қоса Ұлттық палата бизнестің таңбалаудың тиімділігіне қатысты күмәні барлығын жасырмайды. Және де шағын және орта бизнеске қарағанда ірі бизнесте таңбалау процестері жеңіл жүретінін айтады, себебі олар қаржылық қиындықтарға ұрынбайды. Бұл сондай-ақ шағын және орта бизнесті ірі бизнес ығыстыруы мүмкін деген ойға жетелейді. Қазіргі таңда еліміз бойынша тікелей сатылымдар нарығында 20000 нан астам кәсіпкер бар.  

Уәкілетті органдар кәсіпкерлердің елеулі қаржылық шығындарының өсуін болдырмау мақсатында таңбалауды жүзеге асыру кезеңдерінде неғұрлым тығыз жұмыс істеуі керек және кәсіпкерлердің теріден жасалған бұйымдарды таңбалау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында тап болған кемшіліктерін ескеруі тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер