«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шарт талаптарын кім бұзады?

2018 жылғы 14 Тамыз
- Павлодар облысы
7975 просмотров

2018 жылдың бірінші жартысында Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік субъектілерінен 87 өтінім түскен. Экономика дамуы көрсеткіштерінің бірі – нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлік жүйесі  екені белгілі. Осы ретте сәтті дамуға бірқатар шаралар керек. Оның бірігейі – бизнес құқығын қорғаудың реттелген жүйесі.

«Бүгінде қолайлы бизнес-орта құруға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылуда. Осы бағыт «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысында да ерекше басымдыққа ие. Биылғы жылдың бірінші жартысында кәсіпкерлерден 87 өтінім түсті, оның ішінде 58-і оң шешілді», – деді ӨКП директорының құқықтық сұрақтар бойынша орынбасары Мәди Сыздықов.

Бірніші жартыжылдықта  Палата сарапшылары кәсіпкерлердің жалпы сомасы 125 254 098 теңге көлемінде құқықтарын қорғады. Бизнестің құқығын қорғау саласында жүйелі жұмыс жүргізілуі маңызды мәнге ие. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары түйткілді мәселелер тізілімін жүргізіп, кәсіпкерлердің соттарда мүддесін қорғайды. Бұған қоса кәсіпкерлерге жасалатын әкімшілік қысымды азайту және сыбайлас жемқорлықты төмендететін шараларға ерекше көңіл бөлінеді. Мәди Сыздықовтың айтуынша, кәсіпкерлер көбіне көп жер қатынастары, салық салу, мемлекеттік сатып алуларға қатысты мәселелермен жиі жүгінеді. Сатып алуларда кәсіпкерлер кездесетін мәселелер әдетте мемлекеттік органдар тарапынан орын алады, олар жеткізілген тауар немесе орындалған қызмет түрі үшін ақыны төлемей жатады.

 «Мемлекеттік сатып алуда мәселе біржақты. Кәсіпкер мемлекеттік сатып алу келісімшартындағы талаптарды толық орындайды. Осы ретте мемлекеттік орган ақша төлеудің орнына түрлі уәж айтып, үдерісті созып алады. Кәсіпкер шығынға батады, айлар бойы күтумен болады. Осындай кезде Палата сарапшылары кәсіпкерге көмектесіп, көп жағдайда іс бизнес пайдасына шешіледі»,– деді Мәди Сыздықов.

 Мәселен, «Гарант» жеке кәсіпкерлігі қарызды өтеу туралы «АП-162/2 мекемесі» мемлекеттік мекемесіне талап арыз жасады. Палата сарапшылары тараптардың міндеттері сатып алу келісімшарты негізінде болғанын белгіледі. Келісімшартқа сәйкес «Гарант» жеке кәсіпкерлігі жылу өткізуші магистарльды құбырларға техникалық қызмет көрсетуге, яғни жылыту жүйесін жууға міндеттелді. Жеке кәсіпкерлік бұл міндеттемені толық орындады, барлығы атқарылыған жұмыс актісімен расталып отыр. Алайда мемлекеттік мекеме белгіленген уақытта қызмет ақысын төлеген жоқ. Нәтижесінде Сот ӨКП дәйектерімен келісіп, жауап берушінің қызметтер орындалмады деген уәждерін қабылдамады.

Тура осындай жағдайға «Автоцентр Лидер» ЖШС тап болған. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының филиалы – «Павлодар теміржол көлігі қызметкерлерінің оқу орталығы» мен «Автоцентр Лидер» ЖШС арасындағы келісімшартқа сәйкес тапсырыс беруші тауарды қабылдап, жеткізушіге құнын төлеу керек болған. Ал келісімшарттың мерзімі аяқталғанда тапсырыс беруші төлемді жасаған жоқ. Бұл істе мәселе сотқа дейін шешілді. ӨКП сарапшысы материалдармен танысқан соң, тапысрыс берушімен келіссөздер жүргізді де жақсы нәтижеге қол жетті. Осылайша тапсырыс беруші жеткізуші алдындағы қарызын толық өтеді.

 Тағы бір істе «Респект» ЖШС Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының Қаулысына шағымданып, Кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерге 500 АЕК немесе   1 202 500 теңге көлемінде айыппұл салған. ӨКП заңгерлерінің араласуы арқасында Сот аталған әкімшілік жазалауды заңсыз деп таныды. Жауапкершілігі шектеуоі серіктестіктің заңды құқығы мен мүддесі толығымен қорғалды.      


Еншілес ұйымдар

Серіктестер