«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ  бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды

2018 жылғы 10 Тамыз
8820 просмотров

Бүгін «Атамекенде» ҚР туризм саласын дамыту мәселелеріне арналған кезекті жиынға мемлекеттік органдар, әкімдіктер, туристік орталықтар өкілдері қатысты. Аймақтармен селекторлық режимде онлайн байланыс орнатылды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе- туризмді дамыту бойынша  ҚР «Атамекен» ҰКП мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ  іс-шаралардың бірлескен жоспарына қол қою рәсімі өтті.

«Ұлттық палата туризм саласындағы шағын және орта бизнес мемлекеттік қолдауды қажетсінетіндігін түсінеді. Қазіргі таңда Қазақстан халқы ішкі туризмді  дамыту ісімен белсенді түрде айналысып отыр. Бұл ендігі жерде қызмет көрсетудің деңгейін көтеруді талап етеді. Мұның барлығы Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады,»-деді Ю.Якупбаева.

Ол  «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен былтырдан бері белсенді түрде жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын, қазіргі уақытта әрбір аймақтың туристік өнімдерінің базалық бағыттары дайындалғанын атап өтті.

 

Сонымен қоса ҚР «Атамекен» ҰКП  Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева:

- Қазақстандық турөнімдерді жылжыту және дамыту; ішкі және сыртқы талдауларды жүргізіп, шетелдік тәжірибелерді зерттеп, талдау; келушілерге арналған туризмді дамыту және тиімді шараларын іздеу; турөнімді жылжыту мен насихаттау мақсатында форум, b2bкездесулері, конференцияларды бірлесіп өткізу, туристік нарықты қолдау; қазақстандық туристік брендті таныстыру, насихаттау, инвестициялық жобаларды қолдап, алдыға жылжыту бағытында екі тараптың атқаратын іс-шаралары көп,-деді.

Ал «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ  Басқарма Төрағасы Рашид Күзембаев: 

«Атамекен»- билік пен кәсіпкерлік арасындағы «алтын көпір». Өткен басқосуда ғана Қазақстанның топ-50, топ-10 форматындағы көрікті жерлерін анықтап, бағдарламаға енгіздік. «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы бизнестің қолдауын сезініп отыр. «Атамекенмен» әріптестік негізде басталған іс – шараларды алдағы уақыттарда бірлесіп өткізе береміз, қазақта келісіп пішкен тон келте болмас, деген сөз бар. Негізі бұл жоспар ел туризмі, кәсіпкерлер үшін, халық үшін пайдалы. Бұл рәсім қазірге дейін атқарған іс-шаралар  мен болашақтағы міндеттемелер үшін тың серпін  болады деп сенеміз»-деді.

 

Стратегиялық әріптестіктің нәтижесі- елдегі туризмнің, турөнімнің кең қанат жайып, дамуы.  Жоспарланған іс-шара-21. Оның барлығы 2018 жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады.

Жиынның екінші бөлімінде жолбойындағы туризмді дамыту механизмдері қарастырылды. 

Айта кетейік, осыған дейін «Атамекен» алаңында мемлекеттік органдар мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ  арасында бірнеше алқалы басқосу өткен болатын. Онда отандық туризмді дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы, кәсіпкерлікті дамыту және т.б. мәселелері  талқыланып келеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер