«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда «Ұлы дала» этно фестивалі өтті

2018 жылғы 07 Тамыз
- Павлодар облысы
9527 просмотров

Ленинский ауылының маңында 100 киіз үйден құрылған этно ауыл бой көтерді

Осындай ауқымды шараға алғаш рет «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты. Палатаның киіз үйі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «ауылында» тігілді.

Айта кетелік, Павлодарда өтіп жатқан бұл этнофестиваль дәстүрлі шараға айналып отыр. Іс-шара Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы «Болашаққа бағдар: Рухани Жанғыру» аясында ұйымдастырылып отыр.

  Өз кезегінде Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы этноауылға қолданбалы өнер шеберлерін әкелді. Мәселен, «Ақжол» жеке кәсіпкерлігінің жетекішісі Гүлнар Өнерхан былғары, күдеріден ұлттық нақышта әйелдер сөмкелерін тігеді. Гүлнар Өнерхан – «Бастау» жобасының түлегі.

«Моңғолияда алынған тәжірибе өмірімде кәдеге асты. Тарихи отаныма келіп, ұлттық стильдегі қолөнерде  бәсекелестік жоғына мән бердім. Мысалы, Моңғолияда бұл сала бизнес ретінде емес, ата-бабадан қалған салт ретінде бағаланады. Ал Қазақстанда бұл пайда табудың көзі», – деді Гүлнар.

 «Бастаудың» тағы бір түлегіВиктория Сұлтанова бисерден әшекей тоқиды. Қолөнерші кәсібіне бизнес емес, жан рахатын сыйлатын іс ретінде қарайды. Сүйікті ісінже ол қиялға ерік береді. Осы ретте оның бұйымдары түрлі байқауларды жеңіске жеткен. Жұмыста ол жартылай бағалы тастар, жапон бисері мен тұщы суда өңген інжу тастарын қолданады. Сұлтанованың авторлық әшекейлері сәнқой келіншектер арасында сұранысқа ие. Әшекейлердің бір парасы Испания, Израиль, Германиядағы жеке коллекцияларға кетті.

  

   «Altyn Design» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Алтын Әтеева батик шебері. Шебер әйел орамал, палантин, киім-кешек, тұрмысқа арналған заттар, перделер, панно, картиналар тігумен айналысады. Өз кәсібінде Алтын Әтеева ұлттық қолөнерге де ден қойған – бұл ұлттық  текемет, тұскиіздер, сырмақтар басып, ескі дістүрді жандандырып отыр.

Кәсіпкер әйелдің әр туындысы қайталанбайды деп сеніммен айтуға болады. Әр ою, бедерленген өрнек бірегей, осылайша көрмеге қойылған заттар көпшіліктің назарын баурады. Мұнда көненің кескіні заманауи стильмен өріліп, тамаша үйлесім тапқан, биік талғам, көркемдік, туған жерге деген сүйіспеншілік әр бұйымнан байқалады.

Алтын Әтеева – тәжірибесі мол көркем суретші. Ол Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын декоративті өнер мен дизайн мамандығы бойынша тәмамдаған, ҚР және Оңтүстік Қазақстан шеберлері одағаның мүшесі болып табылады. Шебердің қоржынында: «Жібек жолы», «Бір шаңырақ астында», «Абай туындылары желісімен», «Шығыс ханшайымы», «Шығыс патшасы», «Ғасырлар үні» сынды туындылары бар.

Алтынның шеберлігінің жоғары деңгейі мен таланты халықаралық байқаулар мен көрмелерде танылды, жүлделер де аз емес. 2017 жылы суретші қыз мемлекетімізді Біріккен Араб әмірлігінде таныстырып, ЭКСПО-да бір облысты бастап келді. Алтынның айтуынша Біріккен Араб әмірлігінде өткен көрмеде оның жұмыстарына үлкен қызығушылық болған. Арабтар әр бұйымның шынымен қолдан жасалғанына таңданды, олар қыздың сурет салуда, киіз басудағы нәзік техникасына тамсанды.

Этно фестивальда көне ұлттық тағамдар дайындалып дастархандарға қойылды, сонымен қатар Өзбекстан келген даршылар өнер көрсетті. Қонақтар назарына латын әліпбиі аллеясы ұсынылды.

   

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер