«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодардағы оқу орталықтары қауымдастыққа бірігуге ықылас танытты

2018 жылғы 16 Шілде
- Павлодар облысы
9019 просмотров

Әрбір кәсіпкер қызмет жолыда туындаған мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін? Мұндай жағдайда не істемек керек?

«Мир Дик» ЖШС оқу орталығының базасында өткен кездесуге келгендер шешім жолы бар екенін айтты.

«Бір кәсіпкердің шамасы келмейтін мәселені бірлесіп шешуге болады. қазір бизнес-қоғамдастық өкілдері ортақ күш салудың қажеттілігін түсініп, қауымдастыққа бірігеді», – деді өңірлік Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Ильясова.

Кездесудегі негізгі идея Оқу орталықтарының қауымдастығын құру болды, онда түйткілді мәселені шешуде, маман дайындау сапасын ақсартуға жаңа тәсілдерді дайындау бойынша әрбір қатысушының пікірі ескеріледі.

 «Лидер», «Керемет» орталықтары, «Маман дайындау орталығы» ЖШС, Қазтұтынуодағы павлодар экономикалық колледжінің жанындағы «Мансап» орталығы, «Отан» РҚБ Павлодар облыстық кәсіби-техникалық оқу орталығы, «Отан» РҚБ «Ақсу қалалық кәсіби техникалық оқу орталығы» сынды орталықтардың басшылары ортақ пікір екендіктерін білдірді.

Кездесу барысында қатысушылар қауымдастықтың әлеуетті міндеттер мен мақсаттарын талқылады, сондай-ақ қызметтің жалпы стандартын қарады.

Мұнымен қоса қатысушылар Ақсу қаласындағы «Мир Дик» ЖШС, «Отан» РҚБ «Ақсу қалалық кәсіби техникалық оқу орталығының» материалдық-техникалық базасымен танысып, сыныптарын аралады.

«Бүгінгі бастамамыз қысқа мерзімде маман дайындауға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Қазіргі таңда халықты жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Сондықтан бұл маңызды қадам, оқыту тәсілдері өзгерелі, нәтижесінде заманауи талапқа сай білікті маман дайындалады.  Маман дайындау орталықтары мен кәсіпорындар арасында өзара тиімді серіктестік қатынас орнағанда дуальді білім берудің қалыптасқан механизміне ұмтыламыз», – деп тұжырымдады бақытжан Ильясова.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер