«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес әлеміне саяхат

2018 жылғы 07 Маусым
- Павлодар облысы
8588 просмотров

Адамдарды кәсіперлікке жастайынан үйрету керек, деп санайды Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары

Кәсіп таңдауды ерте бастан қолға алу керек деген ойды  Палодар Қазтұтынуодағы сауда-экономикалық колледжінде де қолдайды. Осы бағытта колледж бен Палата тығыз байланыс орнатқан. ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Бақытжан Ілиясованың айтуынша заманның өзгергеніне қарай жастарды бейімдеу өте маңызды екенін алға тартты.

 «Әдетте жастар стандартты емес бизнес идеяларға бай. Алайда олар көбінде неден бастау керек, қайда барып өтінім жасау қажет екенін біле бермейді. Біздің міндет жас кәсіпкерлерді қолдау, қорқынышты жеңуге көмектесу, оларға бастапқы капиталсыз-ақ кәсіп бастауға болатынын айту болып табылады. Бізде бастауыш кәсіпкерлерді қолдауға арналған бірқатар бағдарламалар бар. Сонымен қатар бастамшыл жастар қашанда Аалатада қолдауына ие болады», – деді Бақытжан Ілиясова.

Осы орайда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысымен жақынырақ танысу үшін Қазтұтынуодағы сауда-экономикалық колледжі студенттері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келді.

 Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің бастығы Әнел Жампейісова студенттерге бастауыш кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары, қаржылай емес қолдау шараларын таныстырып, сонымен қатар оларды «Бизнес-Мектепке», «Жас кәсіпкер мектебіне» оқуға шақырды.  

«Бір күн бойы студенттер бизнес әлеміне саяхат жасады. Кәсіпкер болу рөлін сынап көрді. Алғашқы ақпарат ала отырып, жастар өз қабілеттерін сынай алады», – деді Бақытжан Ілиясова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер