«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» түлегі ерекше ірімшіктер өндірісін қолға алды

2018 жылғы 05 Маусым
- Павлодар облысы
8121 просмотров

Бизнес-тренер Асылбек Әріповтың айтуынша тестілеуге 42 адам қатысқан.

 «Оқу қорытындысы бойынша 38  тыңдаушы облыстық комиссия алдында өз жобаларын қорғады, бұл жобалардың басым бөлігі мал шаруашылығының түрлі салаларын қамтиды: етті, сүтті ірі қара малын өсіру, қой, шошқа, жалқы шаруашылығы», – деді Асылбек Әріпов.

Жобалар арасында Лаврентий Лидің қаз өсіру, жұмыртқасы, балапандарын, еті және мамығын сату бойынша бастамасын ерекше атап өтуге болады. Жоба авторы қаз балапандарын, инкубаторға арналған жабдық және қаз фермасын сатып алмақ. Жобаның жалпы құны – 1,9 млн теңге, оның ішінде 3 млн теңге кәсіпкердің өз қаражаты, қалғаны жеңілдетілген несие.

Қызықты жобалар арасында Виктор Кныштың да идеясын ерекше атауға болады. Тыңдаушы шағын ірімшік жасау цехын қолға алмақ. Ірімшік өндірісі еуропалық отбасылардың ірімшік жасау дәстүрлерімен жасалмақ, осылайша қымбат жабдықты сатып алуға шығын жасалмайды. Ал өндірісті шағын көлеммен шығару өнімнің бірегейлігімен өтеледі. Шағын ірімшік жасау цехында грек және италиялық мәзірмен жұмсақ және жартылай қатты ірімшік өндіріледі.

 «Бұл сегмент отандық бизнес үшін келешегі бар сала. Павлодарда әзірге бұл өндіріске лайықты бәсеке жоқ. Біз бірігейлікке мін бермекпіз. Бүгінде нарықта ірімшік сапасы айтарлықтай төмендеген, жасанды өнімдер көп, демек сапалы ірімшікке сұраныс болады», – деді Виктор Кныш.

«Бастау» түлегі Қанат Жакиенов токарь шеберханасын қолға алмақ. Ауылда мұндай қызмет түрі керек. Қанат осы салада тәжірибесі мол, ол авто және трактор жөндеу кәсіпорындарында жұмыс істеген. Кәсіпкер қызмет көрсетуді бастау үшін токарлық станок алып, орынжайды жалдамақ.

«Қазіргі таңда Успенск ауданында «Бастаудың» екі тыңдаушысы жеке кәсіпкер болып тіркеліп үлгерді әрі несие алуға мақұлдау алды. Ауыл тұрғындары «Бастау» жобасына оң баға беруде. Олар бизнес жүргізуге басқаша қарап, нарықты зерттеу, бәсекелестерді бағалау, бірегей сауда ұсыныстарды жасауды үйренді», – деді Асылбек Әріпов.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер