«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл инвестиция тартуға жағдай жасайды

2018 жылғы 31 Мамыр
- Павлодар облысы
7228 просмотров

Бүгінге инвестициялар тарту маңызды мәселе. Бұл ретте көп нәрсе бизнес ахуалына байланысты, ал оның жетілдіруге бірқатар құрылымдар жұмылдырылады.

Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында талқылау өтті. Іс-шараға инвестициялар, қаржы және қоғамдық институттарды тартуға атсалысатын мемлекеттік органдар өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі  «Өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты форумын ұйымдастырды.

Форумның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен байланысты әкімшілік реттеу және басқа да шығындар мәселелерін шешу. Кездесу барысында өңірдің инвестициялық ахуалы қаншалықты қолайлы, сонымен қатар инвесторлардың құқығы мен заңды мүддесі қорғау бойынша шараларды талқылады. ӨКП директоры Серік Байсейітовтың айтуынша, осындай кездесулер бизнес пен биліктің ашық сөйлесуіне жол ашады, Павлодар облысына инвестиция тартуға жағдай жасауды талқылаудың тиімді алаңы.

 «Біздің міндет кәсіпкерлерге анағұрлым тиімді, қолайлы жағдай жасау. Барлық құрылымдарды өзара тиімді жұмысы жақсы нәтиже береді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресті де ұмытпау керек, бұл шара кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқығын қорғаудың кепілі», – деді Серік Байсейітов.  

«Агенттіктің департаменті жемқорлық қатерлерді алдын алу, болдыртпау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз килігу бойынша жұмысты тұрақты жүргізіп келеді. Қолға алынып жатқан шаралар кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғауға, сонымен қатар өңірдің инновациялық ахуалын жақсартуға септігін тигізеді», – деді Тыныштық Жүсіпов.

Оның айтуынша, биыл 1 маусымнан бастап Астана қаласында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы базасында «Protecting business and investments» Жобалық кеңсесін ашу жоспарланған. Оның құрамына уәкілетті органдар өкілдері кіреді, олар инвесторлармен қарым-қатынас орнату мәслесімен айналысады.

Өңірге инвесторларды тартудың қолайлы жері ретінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймаққа көп үміт артылған. «Павлодар» арнайы экономикалық аймақтың Басқарма Төрағасы Айбек Тұрсынғалиев 2017 жылы осында 50,2 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты. Қазіргі таңда мұнда инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстары жүріп жатыр.

Мәселен, биыл оңтүстік дәліз бойынша тас жол және 500 мм кәріз құбырын салу басталды. Тас жолды Былқылдақ көліне дейін жүргізеді.  Осы бағытта кәсіпкерлер инвестициялық омбудсмен қызметінің тәртібі, облыста өңірлік өкілдіктің мүмкіндігі, «Павлодар» арнайы экономикалық аймақ территориясында инфрақұрылымдарды жүргізу мәселесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша құжаттарды заңды сүйемелдеуге қатысты сұрақтар мазалады, сонымен қатар рұқсат қағаздарды хабарлама сипаттқа ауыстыру бойынша ұсыныстар жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер