«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» түлегі трикотаж киімі тігін цехын ашты

2018 жылғы 22 Мамыр
- Павлодар облысы
12509 просмотров

Ұлттық нақышта үлкендер мен балаларға арнап трикотаж киімді тігетін цехті жеке брендпен «Бастау» түлегі, Майқайың ауылының тұрғыны Сәуле Әбілдинова ашпақ.

Сәуле ханым – көпбалалы ана. 2017 жылы ол «Бастаудың» алтыншы легіне қатысқан.

«Тігуді бала кезімнен жақсы көремін, анамнан дарыған қабілет. Бес балам бар, сондықан балаларыма киімді үнемдеу мақсатында тігетінмін. Менен жиі сұрайтын: сіз әдемі киімдерді қайдан сатып аласыз?» деп. Ойлана келе неге тапсырысқа киім тікпеске деп осы істі қолға алдым», – деді кәсіпкер.

 Оқудан өткен Сәуле Әбілдинова «Бастау» бизнес-тренері Гүлзина Балтабаевамен бірге бизнес-жоспар дайындады. Бизнес-жоспар гранттық қаржыландыруға дайындалды. Алайда кәсіпкердің жеке орынжайы болған жоқ. Сондықтан осы бағытта көмек алу үшін жергілікті әкімдікке өтінім жасалды. Әкімдік бірден қол ұшын созды. Жеңілдетілген шартта аталған жобаны жүзеге асыру үшін жалға орын-жай берілді.

 Гранттық қаржыландырудың қатысушысы болған Сәуле 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз ақшаға ие болады. Қазіргі таңда іскер әйел жаңа нысанға көшті. Ұтып алған қаражатқа тігін, пішу машиналарын, парогенератор сатып алмақ.

 

«Ауыл тұрғындарына киім тігуді 10 жыл бұрын қолға алғам. Бастапқыда ұлттық киім тігуден, қыз жасауынынан бастаған болатынмын. Кейін неге біз отандық киімді қолға алып, кимейміз деген ой келді. Осы орайда «Қазақстанда жасалған» белгісі бар киімдерді тігуді арман еттім. Қазіргі таңда арманым орындалды. Былтыр мұндай цех ашамын деп тіпті елестете алмаған едім», – деді кәсіпкер.

 «Бастау» түлегінің айтуынша қандай іспен айналыспасаң да сол кәсіпті сүю керек. Осы ретте кәсіпкер жеке табысын емес, ары қарай жетілу, клиент көңілінен шығуды да ойлау керек деп санайды. Кәсіп қоғамға пайда әкелуі тиіс.  

 «Ары қарай елімізде жеңіл өнеркәсібін дамытуға күш салмақпын. Менің жақындарыма, бизнес-тренеріме алғысым шексіз. «Бастау» жобасы армандарды, батыл жасалған қадамдарды орындайтын мүмкіндік. Кәсіп ашқысы келетін жандарға мемлекеттік қолдау бағдарламаларына назар аудару керек деген кеңес беремін», – деді Сәуле Әбілдинова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер