«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау»: идея көп, жүзеге асырамыз

2018 жылғы 18 Мамыр
- Павлодар облысы
5262 просмотров

Шарбақты ауданының 50 тұрғыны «Бастаудың» бірінші легінде білім алды

Қатысушылар білім алуға және бизнес-жоспарларын қорғауға келген. Шарбақты ауданының инфрақұрылымы соңғы уақытта дамып келеді, тұрғын саны өсіп, кәсіпкерлік қызмет кеңейіп, халықтың белсенділігі артуда. Бұған тұрғындардың «Бастауға» деген қызығушылығы дәлел. Олар мал шаруашылығы, егін, құс өсіру секілді ауылдық жерге ыңғайлы жобалармен қатар басқа да қызықты жобаларды ұсынған.

Мысалы Любовь Граф 15 жылдан бері өзіне ұнайтын кәсіппен айналысады. Ол кәсіби аниматор, балаларға арналған шаралар Клоун Кокисіз өтпейді. Ол анимациядан біліктілігін жыл сайын арттырады. Жақында ғана «Сабын көбігінің шоуы» шеберлік сыныбынан өтті.

«Сабын көбігінен шоу – балалар мен ересектерге арналған нағыз өнер. Артистің шеберлігі жоғары болуы керек. Үлкен көбік жасап шығару үшін ерекше ерітінді керек. Мұндай көбіктің ішінде адамды, затты салуға болады. Газ толтырылған, лазерлік иллюминациямен үйлестірілген көбіктер ерекше таңдандырары анық», – деп баяндады Любовь Граф.

«Бастау» жобасына қатысқан Любовь Графтың айтуынша шынайы көңілді де қызықты шоу жасау үшін оған жабдық керек. Шарбақты ауданында Кәсіпкерлерді қолдау орталығы жұмыс істейтінін білген ол мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат алуды қалайды. Қазіргі таңда бизнес-жоспарын қорғауға дайындықпен жүр.

Жобаға қатысқан тағы бір тұрғын – Алла Таран, ол шаштараз.

«Шашатараздық – көнеден келе жатқан кәсіп. Қиып қана қоймай, шашты сәндеп, әрбір адамға ерекше кейіп сыйлайды. Шебер кез келген шашты әдемілеп, нағыз өнер туындысына айналдыра алады. Шаштараз әмбебап болу керек. Әрбір клиенттің көңілінен шығу маңызды», – дейді Алла Таран.

Былтыр кәсіпкер үйіндегі бір бөлмені жабдықтап, кәсібін ашқан. Барлық қаражаты жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Жабдық пен құралдар болғанымен, ол жеткіліксіз.

«Шаш күтетін құралдар мен заманауи жабдық алғым келеді. «Бастау» жобасы туралы білген соң, ойланбастан құжат тапсырдым, білім алдым, енді бизнес-жоспар қорғаймын», – дейді кәсіпкер.

«Бастауға» қатысқан Елена Портяник та сұлулық индустриясының өкілі. Ол тырнақ күтімінің шебері. Елена тапсырыс алып, тұтынушының үйіне барып қызмет көрсетеді, клиенттер үшін ыңғайлы болғанымен, Еленаның өзіне қолайсыз. Барлық құралы мен жабдығын арқалап жүруіне тура келеді.

«Кез келген шебер өзін әрдайым дамытып отыруы керек, тырнақ индустриясының жаңалықтарын әрдайым білуі тиіс. Түрлі байқауға қатысудың пайдасы зор. Енді салонда орын жалдап, өз қалауыммен жабдықтауды қалаймын», – деп жоспарымен бөлісті Елена Портяник.

Осы мақсат үшін «Бастау» жобасына келген.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер