«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының бизнес өкілдерімен кездесті

2018 жылғы 10 Мамыр
- Жетісу облысы
15728 просмотров

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында Алматы облысындағы Кәсіпкерлер палатасына барып, жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездесті.

Елбасына «Atameken Business Cіtу» ғимаратының тұжырымдамасы таныстырылды. Аталған нысанда open space форматында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, сонымен қатар «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіп отырған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және бизнес-инкубатор жұмыс істейді.

 Кәсіпкерлер палатасында болған  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыс кәсіпкерлерімен кездесіп, жергілікті бизнес пен билік арасындағы қарым-қатынасқа назар аударды.

Бизнесмендер кәсіпкерлік саласын дамытуда Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысы әкімдігінің бірлесіп атқарған жұмысын жоғары бағалап отыр.

«Алматы облысы ешбір өңірге ұқсаматын, бірегей аймақ. Біріншіден, тауы, даласы мен өзендері жарасқан еліміздің ең көрікті жерлернің бірі. Екіншіден, мұнда өнеркәсіп пен экономика да жақсы дамыған. Үшіншіден, бұл шекаралық облыс (...) Соңғы үш жылда бұл өңір жақсы жетіліп келеді. Әкім және қызметкерлері жан-жақты тиімді қызмет атқаруда. Осында өндіруге болатын бағытты дамыту – менің қойған тапсырмам. Қант қызылшасын өсіру облыста қашанда басымдыққа ие болатын. Қазіргі таңда жаңа қант зауыттары іске қосылған. Қантты импорттайтынымыз белгілі, мұнда 60 мың тонна қант өндіріліп жатыр. Мүмкіндіктер бар. Жеміс-жидек шаруашылығы да маңызды сала», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Аматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов Мемлекет басшысын кәсіпкерлер құқығын қорғау, қаржылай емес қолдау көрсету, ауыл шаруаларын шоғырландыру, жобаларды қаржыландыруға көмектесу бойынша атқарылған жұмыс нәтижесімен  таныстырды. Бұған қоса Палата директоры адами капиталды дамытудағы негізгі бағыттар, сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған «Бастау» жобасына тоқталды.

«Биыл «Бастау» бойынша оқыту облыстың барлық аудандары мен қалаларында жүргізіледі. Былтыр жоба аясында 1 312 адам оқыса, биыл 3 мыңнан астам адам қамтылады деп жоспарланған. Шағын несиелеуге қосымша 20 млрд теңге бөлінді, осы мүмкіндік арқылы биыл жоба санын 650-ге дейін ұлғайтып, қаржыландыру көлемін арттырмақпыз», – деді Нариман Әбілшайықов.

 Кездесу соңында Мемлекет басшысы жұмыс сапарын қорытындылап, 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға назар аударуды тапсырды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер