«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Виртуалды қойма» модулі қандай мүмкіндік береді?

2018 жылғы 04 Мамыр
- Павлодар облысы
8217 просмотров

Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ӨКП алаңында «Виртуалды қойма» модулі жұмысымен таныстырды

Айта кетелік, бұл «Электронды шот-фактура» ақпараттық жүйесі бойынша «Виртуалды қойма» модулі жұмысымен таныстыру бойынша жанама салықтық әкімшілендіруді басқармасы мамандарының салық төлеушілермен өткізген алғашқы кездесуі емес. Салық қызметкерлері бұл модуль 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап пайдалануға берілгені жайында хабарлады.  Бұл модуль тауарларды қадағалау жүйесін енгізеді, ал оған төмендетілген кедендік баж ставкалары қолданылады. 

 «Бұл функция бастапқы кезеңде автокөлік құралдарын сататын салық төлеушілерге ғана жүргізіледі. Өйткені оларға кірме кедендік баждардың төмендетілген ставкалары қолданылады», – деді Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің маманы Николай Ермошин.

Маманның айтуынша виртуалды қойма салық төлеушілерге өз қоймаларында тауар қалдықтарының автоматтандырылған есебін жүргізуге, сонымен қатар, тауардың елге кіргеннен бастап, тұтынушыға жеткен аралықтағы тізбекті қадалауға мүмкіндік береді. Енді кәсіпкерлер кеңседе отырып-ақ, барлық тауарлармен жасалған мәмілелер туралы мәлімдей алады және барлық ақпарат автоматты түрде салық басқармасының деректер базасында көрсетіледі. Сөзсіз бұл жаңашылдық тексеруші органдар үшін тауарларды қадағалауға, кәсіпкерлерге артық қағазбастылықтан құтылуға көмек беретін өте ыңғайлы ресурс.

 Кездесу барасында салық ведомствосы мамандары кәсіпкерлердің сауалдарына, оның ішінде ҚҚС-ты әкімшіілктендіру бойынша жауап берді. Мамандар «Виртуалды қойма» модулімен жұмыс істеу нұсқаулығы және АРI-интерфейсі жайында ақпарат Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында орналасқаны жайында хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер