«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: Қарқынды өнеркәсіп саясатының алгоритмін дайындау қажет

2018 жылғы 27 Сәуір
6155 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Өңдеу өнеркәсібі комитетінің есебін тыңдады

Комитет төрағасы Владимир Бобров 2017 жылдың есебін беріп, биыл атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттарын баяндады.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі соңғы бес жылда тұрақты дамып келеді, былтыр 5%-ға өскен.

Сонымен қатар химия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары, жиһаз және ағаш өңдеу өндірісі де дамыған.

Инвестицияның негізгі капиталда өсуі болашақта өндірістің дамуын көрсететін маңызды индикатор болып саналады. Егер 2015 жылы 825 млрд теңге болса, 2017 жылы 981 млрд теңге дейін артқан.

Салада кәсіпорындардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Сондай-ақ, орта және ірі кәсіпорындарды шамамен алғанда 30-35%-ға шағындап қайта ұйымдастыру үрдісін атап өткен жөн. Бұл шағын бизнестің артуына әсер еткен. Сыртқы сауданы жандандыруға орай 2016 жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінің экспорттық көлемі 2017 жылы 22%-ға артып, 14 млрд долларды құрады.

Аталған статистиканы тұжырымдай келе, 2017 жыл өңдеу саласына оңтайлы жыл болды деп сеніммен айтуға болады.

Мұнымен қоса, бірқатар түйткілді мәселелер әлі де шешілмеген. Импортпен бәсекелестің жоғарылығы, тауар өткізудегі қиындықтар, бизнесті дамытуға арналған арзан және ұзақ мерзімге берілетін несие мәселелерін атауға болады.

Ұлттық палатаның басшысы өңдеу өнеркәсібі саласында қазіргі таңдағы ахуалғына, оның ішінде саладағы негізгі кәсіпорындардың нақты жағдайына егжей-тегжейлі талдау жасау, соның нәтижесі бойынша өнеркәсіптік саясат бойынша анағұрлым ықпалды тәсілдерді дайындау қажеттілігіне назар аударды.

«Қарқынды өнеркәсіп саясатының алгоритмін дайындау қажет», ­– деді Тимур Құлыбаев.

Төралқа Төрағасы мемлекеттік қолдау шараларды жоғары технологиялық шоғырланған және қосымша құны бар бәсекеге қабілетті секторлар мен жобаларда топтастырудың маңыздылығын, сондай-ақ бір-бірімен байланысты салаларды дамытудың тиімділігін ерекше атап өтті.

Жалпы, Тимур Құлыбаевтың айтуынша, салалар бойынша соңғы зерттеулерді қолдана отырып, дамыту мәселелеріне анағұрлым байыппен қарау керек, жаңа технологиялар мен маркетингті қолдану арқылы экспортты дамыту қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер