«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік орган төлеуден бас тартқан

2018 жылғы 24 Сәуір
- Шымкент қаласы
10219 просмотров

Келісімшарт бойынша орындалған жұмыстар үшін төлем ақысын кешіктіру Оңтүстік Қазақстан бизнесінде көп таралған және өте күрделі мәселелердің бірі болуда.

Осындай жағдайға өткен жылы Шымкент қаласында магистралды жылу желісін салу құрылысына 1, 348 млрд теңге мөлшерінде тендерін ұтып алған «Қазойлсервис» ЖШС де тап болды.  Тапсырыс беруші Шымкент қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті болатын. Нысан осы жыға өтіп жатқандықтан, 2018 жылдың басында 259 милллион  теңгеге қосымша келісімшарт жасасты. Жаңа жылдағы жұмыс да өз уақытында аяқталды, сапасында ешқандай мін болмаған. Бірақ бұл жолы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі атқарылған жұмыс үшін ақы төлеуге асығыстық танытпады. Мемлекеттік орган әр түрлі себептерді, соның ішінде -ақшаның болмауын сылтауратып  орындалған жұмыстар үшін төлеуге қажет барлық мерзімдерін елемеді.

Уақыт өтті, бірақ төлем жасауға асығыс болған жоқ. Жылдың басында компания Шымкенттің әкіміне, оның орынбасарына және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығына орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді талап етіп шағымданған болатын. Осыған қарамастан, кәсіпкердің мәселесі тағы да жауапсыз қалды. Қалалық билік тарапынан оң жауап ала алмаған компания басшылығы ОҚО Кәсіпкерлер палатасына сотқа дейінгі тәртіпте заңды мүдделерін қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінді.

Компанияның дәлелдерін қарағаннан кейін, Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бұзушылықты жою туралы талаппен Шымкенттің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің бастығына хат жолдады.

«Барлық атқарылған жұмыстардың арқасында өз жұмысын адал орындаған компаниялардың құқықтары қалпына келтірілді және үстіміздегі жылдың 20 наурызында мемлекеттік орган жүзеге асыратын жұмысқа ақы төлеу міндеттемесі толығымен орындалды», – деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Мадихан Тәжібаев.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер