«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұрпаққа аманат

2018 жылғы 17 Сәуір
- Павлодар облысы
3086 просмотров

Ұлттық қолөнер ұмытылып барады

Елбасымыздың халқына жолдаған Рухани Жаңғыру бағдарламасын іске асыру барысында, ұлттық сананы ояту, дамыту, заманауи қадаммен бірге ілгері қалыспай, әрекет ету  мақсатында  Шарбақты ауданындағы Абай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруымен жергілікті қолөнер шеберлерінің ұлттық қолөнерге қатысты шеберлік сабағына қатысты. Аталған шараға облыстық Рухани Жаңғыру аймақтық жобалық офисінің қызметкерлері де қатысты.

Еліміздің болашағы – өскелең ұрпақ екені белгілі, оларға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, дәстүрді атадан балаға аманат ету, сосылайша ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру маңызды. Осы мақсатта балаларға ұлттық қолөнерге қатысты шеберлік сабағы өткізілді. Шараға  Абай мектебінің 8-9 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты, жергілікті қолөнер шеберлері Гүлнәр Өнерхан мен Галина Воронкова өз білімдерін ортаға салды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үнемі қолдауымен, осы кейіпкерлеріміз – шеберлер қолжетімді несиеге ие болып, өздерінің кәсіптерін өндіріс деңгейіне шығаруды мақсат етті. Одан бөлек түрлі көрмелерді ұйымдастырып, бұйымдарын елдер арасына «Ұлттық бренд» немесе «Қазақстанда жасалды» деген атауларға ие болуын мақсат тұтып отыр.

Гүлнәр Өнерхан өзінің шеберлігін іс тігін машинасын қолдана отырып ұлттық бұйымдарға алуан түрлі ою өрнекті қалай пішуін көрсетсе, Галина  Воронкова ел арасында бүгінгі заманда жоғалып бара жатқан шеберліктің бір түрі – қой жүнінен киіз басуды көрсетті, ол балларға киізді қалай жасалатынын басынан аяғына дейін баяндап көрсетіп берді. Балалар бұрын сынды осы бұйымдардын қайдан пайда болатынын, қалай жасалынып, қайдан шығатынын, қалай өміріміздегі өз орынын алатынын көрмесе, осы арнайы жасалған шеберлік сабағы алаңында көптеген сұрақтарға жауаптарын тауып, өз көздеріменен көріп, ұстап та көрді.

 «Бұл қол өнер шеберлігінің мақсаты тек құмарлық таныту емес, ұлттық сананы ашу көзі бола тұра, сонымен қатар бүгінгі заманауи ағынында табыс көзі деп те білуге болады», – деп баяндады Гүлнәр Өнерхан.

Шеберлік сабағы алаңында, оқушылардың тікелей шеберлермен сұхбаттасатын, тіпті қолдарымен ұстап көретіп, өздері жасап та көретін мүмкіндіктері болды, араларынан осы өнер көздеріне қызығушылық танытқандар да байқалды. Шеберлік сабағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының асянда өткізілді және болшақ ұрпаққа өзінің септігін тигізді деп сенеміз.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер