«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік бағдарлама аясында ақсулық бизнесвумен өз ісін дамытуда

2018 жылғы 10 Сәуір
- Павлодар облысы
7355 просмотров

Әр кәсіпкер бизнес үшін жеке ғимараттың болғанын қалайды,  себебі ғимаратты жалдау табыс көзінің бір бөлігін жеп қояды

Бизнесте жеке ғимараттың болуы жайлы Ақсулық кәсіпкер Гүлнар Байханова біледі. Ол 2006 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Кәсіп түрі – сауда-саттық. Іскер әйел 2017 жылға дейін сауда алаңдарын жалдап келген, әрине бұл оның табысына әсер етті.

Өткен жылы кәсіпкер «Бизнес-Кеңесшісі» бағдарламасы бойынша оқу дәрісін өткеннен соң,  өзінің ісін әрі қарай дамытуға бел буды. Ақсу қаласының Кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшілері оған толық оқуда жәрдем көрсетіп, бизнес-жоспар құрып, қажетті құжаттарды жинауға көмектескен.

Атқарылған жұмысын нәтижесінде Гүлнар Байханова «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсібіне ғимарат сатып алуға 9 млн теңге кредит алды.

«Мен ауданы 90 шаршы метрді құрайтын азық-түлік дүкенін сатып алдым. Осында екі адам жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсібім жаңа деңгейге шықты», – дейді Гүлнар Байханова.

Ақсу қаласының кәсіпкерлер Палатасының директоры Глюзя  Алпысбаеваның айтуынша Гүлнар Байханова кәсіпкер әйелдер кеңесінің мүшесі.

«Ол Палата филиалының өткізетін барлық шараларды белсене қатысады. Кеңпейілді, бұл салада жинаған көп жылғы тәжірибесі бар және сатып алушылар арасында аса құрметке ие. Осыдан тыс, Гүлнар Байжанова қайырымдылық шараларына аса мән береді. Ол мұқтаж адамдарға азық-түлікпен жәрдем жасап отырады», – дейді Глюзя Алпысбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер