«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу

2018 жылғы 07 Наурыз
- Павлодар облысы
2481 просмотров

Бизнесті дамытып, аяққа нық тұруға Мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалынуда

Өздеріңіз білетіндей, ҚР Парламентінің біріккен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастама жолдады.

Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай әр мемлекеттің амалы болу керек. Соның  бірі, Қызылордадан, Жезқазған-Қарағанды-Теміртау арқылы Елордасы Астанаға газ тарту жұмыстарын бір - бір жарым жылда жасау керектігі жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Бұл бастама 3 миллионға жақын аталған жергілікті тұрғындарының әлеуметтік жағыдайын әлдеғандай биіктікке көтеретіні белгілі.

 Елімізде егемендік алғаннан бері, 8 миллиардтан 2000 млд кубометрге дейін газ өңдірісі жоғарлаған, әліде жылдан жылға өсетін патенциалы зор.

Осы бастамаларды жүзеге асыру әрі қарай өзге өңірлерді де газбен қамтамасыз етумен қатар, экологиялық тұрғыдан көптеген мәселелерді шешіп, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді.

Бүгінгідей сын сағаттарда xалыққада үлкен жауапкершілік артылуда. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады.

Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз шарт!

Сонымен бірге адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған ортаға экологиялық жағынан еш уақытта айтып қалпына келтіре алмайтындай өзгеріс кіргізеді.

Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа деген ерекше көзқарасты қажет етеді. Нәтижесінде табиғатты корғау қажет деген ой туындайды. Елбасымыздың бүгінгі халыққа жолдаған бағыты, толғандырып жүрген барлық сұрақтарымыздың шешімін тауып, алға жетелеген үлкен бір серпіліс берді десек қателеспейміз. Өйткені  қаншама мемлекеттер экономикалық дағдарысты бастан кешсе, біз, Яғни Қазақстандықтар Дүниедегі қабырғалы елдердің қатарына ешбір кедергісіз қосылып, Елбасымыздың көреген саясаты арқасында, халықтың әлеуметтік тұрмысын түзету үшін жұмыстар атқарудамыз. Дәл осы тұста  «Қазақстан-ортақ үйіміз»  деген ұғым халыққа патриоттық сенім мен жауапкешілікті сезіну үшін бағытталған айшықты бағыт екенін көре аламыз.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші «Бір мақсаты, бір мүддесі, бір болашағы» бар ел әлі де талай асуларды асып, ел мерейін үстем етеді деген сенімдемін.

Қобланбек Қожин,

 Павлодар облысы кәсіпкерлер

Палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер