«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мәселенің ауқымы ресми жұмыссыздықтың аясынан шығып отыр – Эльдар Жұмағазиев

2018 жылғы 16 Ақпан
9640 просмотров

Қазақстанның кейбір аудандарында жұмыссыздардың нақты саны статистикадан бес есеге көп

 Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген отырысында хабарлады.

Спикердің айтуынша Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны ресми статистика бойынша 2,1 млн адамды құраған, ал 2017 жылы ресми жұмыссыздардың саны – 439,3 мың адамды құраған. Статистикалық деректерге сәйкес 28 350 адам жұмыссыз жағдайда 3 жылдан аса уақыт болған, ал мүлде жұмыс істемегендердің саны – 119 адам.

«Осылайша мәселелі аймақ ресми жұмыссыздық шеңберінен 4,9%-ға асып тұрғанын байқап отырмыз. Біз Сарығаш, Мақтаарал аудандарында тұрғындар мен ШОБ субъектілеріне арнап скрининг бойынша пилотты жобаны жүргіздік. Скринингтен алынған нәтиже жұмыссыздар бойынша ресми статистикадан бес есе айырмашылығы бар болып шықты. Осы ретте жұмыссыздардың 89%-ы көлеңке табыс табады, тағы 2 156 тіркелмеген кәсіпкер бары анықталды. Жалпы кәсіпкерлер статистика көрсеткіштен 4 есе көп жұмысшыларды жұмыспен қамтып отыр»,– деп хабарлады Эльдар Жұмағазиев.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен  жұмыссыздрдың мәселесін шешуде бірнеше жол ұсынады. Мәселен, жасалған сауалнама шеңберінде 464 кәсіпкер Сарығаштан көшуге дайын екендері анықталды, оның ішінде 76%-ы – Шымкентке, 22%-ы – республиканың солтүстік аймағына баруға дайын.

«Біз ОҚО елдімекендеріне өзін-өзі жұміспен қамтығандар мен жұмсыссыздар, нәтижелі жұмыспен қамтылмаған жастар және табысы төмен экономикалық белсенді  халық арасында «тәуекелді аймақтарды» анықтау үшін скринингті жүргізуді ұсынамыз. Республиканың Оңтүстігіндегі өңірлерден еңбек ресурстарды жұмыс күшіне тапшылық көріп отырған Солтүстік өңірлерге миграциялау бойынша жүйелі күн тәртібін қалыптастыру керек. Осы ретте тұрғындарды әртүрлі аудандарға бөлмей бірыңғай қоғамдастықтармен жіберу ұсынылады. Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен камтығандар мен жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ете алатын бизнеске арналған тиімді салаларды анықтау керек.  Аталған салалар өңір тұрғындарының сұранысына негізделген», –  деді Эльдар Жұмағазиев.

Бұдан бөлек, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өзін-өзі жұмыспен камтығандар мен жұмыссыздарды барынша «Бастау Бизнес» жобасы және «Біліктілік орталығы» құралдарымен қамту керек деп санайды. «Атамекен» барлық үй шаруашылықтарын Naimi.kz платформасы арқылы цифрлауды, сонымен қатар Жұмыспен қамту жеке агенттіктерді Оңтүстік Корея тәжірибесіне сай жұмыссыздардың білімі мен нақты білімінің траекториясы бойынша Жол карталарын әзірлеуді ұсынады.

«ШҚО Қатон-Қарағай ауданына талдау негізінде: Жеке қосалқы шаруашлықтың барлығының 13%-ы экономикалық айналымға тартылған және тұрақты табысы мен «нақты» өткізу алаңдары бар. Біз бұл көрсеткішті 50% немесе 2200 жеке қосалқы шаруашылыққа жеткізуді, өткізу тізбегін құрып, тұрақты табысты қамтамасыз етуді ұсынамыз. 2018 жыл ішінде Қатон-Қарағай ауданындағы үй шаруашылықтардың 37%-ын немесе 2200 жеке қосалқы шаруашылығын аталған ауданға сәйкес тиімді бизнес-кейстер негізінде оқыту арқылы аудан экономикасын 120%-ға көтеруге болады. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар ресурсы 2200 жеке қосалқы шаруашылықтың 400-ін оқытуға жекткілікті» – деді Эльдар Жұмағазиев.

«Бастау Бизнес» жобасын қаржыландыру мәселесі жеке назарды талап етеді. 2018 жылы «Атамекен» ҰКП 30 000 адамды оқытуды көздеп отыр, оның ішінде 6000 дам жеке бизнестерін ашу керек. Болжам бойынша 18 мың қатысушы бизнес-жоспарларын қорғап, шағын несиелеуге өтініш береді.

«Бірақ Бағдарлама бойынша бөлінген 30,8 млрд теңге ішінен 6,1 млрд теңге ғана микронесиелеуге бағытталады. Ал бұл қаржы 1750 бизнес-жобаны қаржыландыруға ғана жетеді. Сондықтан жоба бойынша қаржыландыруды ұлғайту орынды», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.  

  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Ұлттық палатаның ұсынысын қолдады.

«Бағдарламаның нәтижесі бар, бірінші жылдың қорытындысы шықты, оның пайдасы көп. Бюджетті игеру аясында биылға өзгертулерді дайындау керек. Бұл жұмысты бастап та кеттік. «Бастау Бизнеске» қатысты ұсыныстар өте қызықты, сондықтан бізді қолдаса, тиімді шаралар қолдану үшін бюджетті нақтылауға ұсыныстар береміз», – деп хабарлады Мадина Әбілқасымова.

«Атамекенде» кәсіпорындарда мамандарды босату және әлеуметтік қысымды төмендетудің алдын алуды өндірісті шоғырландыру деп атайды. Бизнестің өзі осы процеске дайын.

«Бір ірі компаниялар тобына талдау жасап, бірінші кезеңде 6,4 млрд теңге сомасында сұранысқа ие тауардың 9 түрін анықтадық. Егер бұрындары мұндай тауарлар импортталған болса, енді біз оны жергілікті жерде өндіруді, ірі өндірістің жанынан шағын кәсіпорындарды ашудыжәне осылайша мамандарды босату мәселесін шешуді ұсынып отырмыз», – деді Эльдар Жұмағазиев.

Спикер Жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктеріне Жұмыспен қамту орталықтарының жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, оқыту, қайта оқыту, кәсіби бағдар жұмысы секілді өкілеттігін бөліп беру қажеттілігіне де назар аударды. Бұл функциялар нарықтық болып саналады, сондықтан «Атамекен» жеке меншік компаниялар аталған қызметтерді ұсынуда икемді әрі тиімдірек деп есептейді. Сонымен қатар Ұлттық палата Жұмыспен қамту туралы заңдағы жұмыс берушіні бос жұмыс орны босаған сәттен бастап ол туралы ақпаратты 3 жұмыс күні ішінде беруге міндеттейтін 28-бабын алып тастауды сұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер