«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Щучинскте Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен гүл дүкені ашылды

2018 жылғы 09 Ақпан
- Ақмола облысы
8042 просмотров

Қала орталығында жаңа «Азалия» дүкені жұмыс істейді

Кәсіпкер бизнес-жобасының жүзеге асырылуына 5 жыл мерзім қажет болды.

«Осындай дүкен ашуды 2013 жылдан бері ойлап жүрмін, дегенмен енді қолға алынды. Шынын айтсам, мүмкін еместей көрінді. Бұл салада бәсекелестік көп, белгілі бір нарық бар, менің жоспарым жүзеге аспайтындай болды. Дегенмен тәуекелге бел будым, гүл дүкендері әркез танымал», - деп баяндады жеке кәсіпкер Гүлмира Оразалина.

Дүкеннің негізгі өнімі – әрине, раушан, лала, бақытгүл және басқа да гүлдің түрлері. Екінші орында – құмырадағы гүлдер, оның сұрыпталымы әрдайым артып отырады. Сонымен қатар флористикаға қажетті түрлі аксессуарлар, әсемхаттар мен қаптамалар да бар.

«2017 жылы кәсіпкер бизнес-жоспар дайындауға көмек сұрап келді. Кәсіпкерлікті қолдау орталығының мамандары қаржы құралдары туралы да ақпарат берді. Ғимаратты салуға жобаны бастауға қажетті несие «Степняк» несие серіктесігінен алынды», ­­- деп түсіндірді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Бурабай филиалының директоры Ерлан Ерқосайұлы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер