«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

1000-нан астам павлодарлық «Бизнес-мектепте» білім алды

2018 жылғы 08 Қаңтар
- Павлодар облысы
8867 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негізге оқимын деушілердің саны артқанын хабарлады

ӨКП Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әнел Жампейісованың айтуынша «Бизнес мектеп» құрауышы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Оқыту экономиканың барлық салаларында жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізіледі.

 Кәсібін енді бастағалы жатқан кәсіпкерлер бастапқы кезеңде «Бизнес-Кеңесші» атты қысқа мерзімді кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.

 «Мұнда тыңдаушылар кәсіпкерлік қызметтің қыр-сырын меңгеріп, бизнеске қажетті базалық білімді алып шығады. Оқиды, бизнес-жоспар құруды, маркетинг, адам ресурстарын басқрау, бизнесті заңдық тұрғыда жүргізу, салықтық әкімшіліктендіруді үйренеді.  Ары қарай қолдарында «Бизнес-Кеңесші» сертификаты бар тыңдаушылар «Бизнес-Өсу» арқылы білімдерін ашындау алады. Сонымен қатар  бұл оқу курсы тәлімгерлік принциптеріне негізделген, оқу жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге бағытталған», – деп атап өтті Әнел Жампейісова.

Айта кетелік, оқу барысында әр бастауыш кәсіпкерге бизнесті жүргізудің негіздері бойынша материалдар, құжаттардың стандартты топтамасы, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржы алуға қажетті құжаттардың үлгісі, маркетингттік зерттеулер нәтижелері, инновацияларды енгізу саласы бойынша халықаралық тәжірибе, сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті ашу бойынша идеялар анықтамалығы беріледі.

  Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-Кеңесші» бойынша білім алған Ерлан Әубәкіров жеке кәсібін тігін саласында ашпақ ойы бар.

Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Ақмарал Сайтқұлованың пайымдауынша «Шығармашыл адам – жасампаз келеді». Бұл теңеу дәл Ерлан Әубәкіровты сипаттайды. Кәсіпкерлер палатасындағы оқудан кейін ол жеке кәсіпті ашуға шындап кіріседі, сонымен қатар Ерлан өзін бизнестің басқа салаларында да іздеп жүр.

 Бизнесменнің айтуынша оқу курсы оған жақсы көмек беріп, білімін кеңейтті. Бастысы мұнда стандартты емес ойлауды үйретеді.

 «Бір нәрсені ұққан жөн: ештеңе өзімен-өзі келмейді. Үнемі дамып, еңбектену керек, әркез ізденудің арқасында көп жетістікке жетуге болады. Қашанда оқуға ұмтылу керек, жаңа нәрсе білсем, көрсем деп алға ұмтылу қажет», – дедйді кәсіпкер.

ӨКП бизнес-тренері Қуаныш Досмағұлов жыл өткен сайын кәсіпкерлік қоғамдастық жасарып келе жатқанын айтты.

  «Жастар кәсіпкер субъектісі ретінде тіркеуден қалай өту керек, бизнес-жоспар құру, бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламалар, соынмен қатар бизнесте мүмкін болатын тәуекелдер жайында білгісі келеді. Бастысы оқудан кейін нақты нәтиже орын алуы қуантады», – деді Қуаныш Досмағұлов.

Оқу курсына қатысушылар болса бағдарламаның тиімділігін айтып отыр.

 «Ақпан айында «Бизнес-Кеңесші» бойынша оқудан өттім. Нәтижесі көңілімнен шықты. Тиімді ақпарат  алып қана қоймай, сала бойынша көп адамдармен таныстым, олардың идеялары мен бастамалары алға жетелейді, жаңа бастамаларға құлшындырады. Оқуымды Өңірлік кәсіпкерлер палатасында міндетті түрде жалғастырмақпын», – деді «Creativo» авторлық жиһаз жасау студиясының жетекшісі Самал Жанбекова.

Жас ана Махаббат Омарова оқудан кейін ұллтық тағамдар кафесін ашады. Махаббат жастайынан аспаздыққа әуес, әр тағамды жасауға бүкіл ынта-жігерін салатын. Отбасын құрып, ана атанған соң да Маххабат сүйікті ісін тастамай, табысты кәсіпке айналдыра білді. Шеберлігін шыңдап, балкүлше пісіріп, шағын бизнесін жүргізіп келді.

«Өткен жылды қорытындылай келе бизнесті жүргізем дейшілердің саны артақын атап өткеніміз жөн. 2017 жылы «Бизнес-Кеңесші» бойынша 902 тыңдаушы оқудан өтті. «Бизнес-Өсу» курсына 130 адам қатысты, «Тәлімгерлік принципке негізделген жобалық оқуға» 70 адам қатысты. «Бизнес-Кеңесші» курсын тәмамдаған 60 тыңдаушы жеке кәсібін ашты. 62 адам 255 млн теңге сомасын құрайтын несие мен грант алды», – деді Әнел Жампейісова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер