«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Құбыр дауы кәсіпкерлерді «Атамекенге» алып келді

2017 жылғы 20 Қараша
- Павлодар облысы
3606 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары «Северо-Восточная оросительная компания» ЖШС мен «Алимов» ЖК тап болған жағдайдың айла-әдістерін анықтады

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Палатаға суару жүйесінің құбырын қайтаруда жәрдемдесу өтінішімен жүгінген.

Істің мән-жайына тоқталсақ, кәсіпорын сатып алу/сату келісімшартының негізінде 2008 жылдың 3 желтоқсанында қожалықаралық суару және дренажды жүйені сатып алған. Кейіннен жергілікті атқарушы органмен Ақсу қаласының Достық ауылдық округы аумағындағы ирригациялық-мелиоративтік нысандарға орналастыруға және қызмет көрсету үшін жер учаскесін жалға алу туралы келісімшарт жасады.

Биыл «Северо-Восточная оросительная компания» ЖШС жөндеу мен жекелеп өткізу үшін сауары жүйесінің құбырын арттыру бойынша өндірісті бастаған. Бір қарағанда қарапайым процесс. Алайда, істің жайы бір сәтте өзгеріп кетті.

«Северо-Восточная оросительная компания» ЖШС суару жүйесі «Алимов» жеке кәсіпкерлігінің жері арқылы өтіп жатыр. Аталған жеке кәсіпкерлік өзіне тиесілі іспетті құбырлардың ұрлану дерегімен құқық қорғау органдарына шағым түсірген.

Серіктестік басшылары мен ішкі істер бөлімі суару жүйесіне берілген заңды тіркеу құқығын растайтын құжаттардың топтамасын көрсетіп, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан істі жапқан еді.

Кейіннен «Северо-Восточная оросительная компания» ЖШС Ақсу қаласының ішкі істер бөліміне серіктестіктің меншігіндегі суару жүйесінің кешеніне кіретін құбырларды қазып отырған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау қажеттілігі туралы өтініш жазған.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөоімінің басшысы Лашын Баймағанбетованың айтуынша, Ақсу қаласының ішкі істер бөлімі «Северо-Восточная оросительная компания» ЖШС-ның арызын белгісіз себептермен қараусыз қалдырып, алынған даулы құбырлар серіктестікке қайтарылмаған.

«Бұл сөзсіз екі шаруашылық жүргізетін субъектілердің сот тәртібінде шешілуі тиіс дауы. Әр тарап дау тудырған құбырдың тиесілі екенін құжат жүзінде дәлелдеуі керек», – дейді Лашын Баймағамбетова.

Кәсіпкердің өтінімін обективті және жан-жақты қарау мақсатында Палата алаңында мүдделі тараптардың қатысытырылуымен жиналыс өтті. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша мүлік «Северо-Восточная оросительная компания» ЖШС-на қайтарылды.

Мұнымен қоса алдағы уақытта шаруашылық жүргізетін екі субъектінің арасында дау туындаған жағдайда екі тарап та сотқа жүгінуі тиіс деген ұсыныс айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер