«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңір кескініндегі келелі талқылаулар

2017 жылғы 30 Қазан
- Павлодар облысы
2033 просмотров

Жылдың басынан Өңірлік Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 6 отырысы өтті

Кеңес мүшелері отырыстарда кәсіпкерлердің өздерінің және уәкілетті мемлекеттік органдар лауазымды тұлғалардың қатысуымен бизнес субъектілерінің заңды мүдделеріне қысым жасауға байланысты нақты жағдайларды шешу жолдарын талқылайды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының Құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Мәди Сыздықовтың айтуынша Кеңеске талқылануға кәсіпкерлер құқықтарын бұзудың ең сорақылары шығарылады. Осында кәсіпкерлер тікелей барлық қызықтыратын сұрақтарын қойып, өз мәселелерін айта алады.

Бұл ретте, қарастырылатын мәселелердің талдамасы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылық мемлекеттік органдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне тікелей байланысты екендігін көрсетті.

«Кәсіпкерлікті қорғау және қолдау біздің жұмысымыздың басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Мысалы, жылдың басынан Кеңестің 6 отырысы өткізілді, онда бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты 13 мәселе қарастырылды. Көбінесе жүгінулер мемлекеттік сатып алуларға, салық салуға, сәулет, субсидиялау, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға байланысты бизнесті қорғау мәселелері. Сондай-ақ, жер қатынастары саласындағы бизнес субъектілерінің құқықтарына қатыстылары өзекті болып келеді» - дейді Мәди Сыздықов.

Ол Кеңеске шығарудың арқасында өңірдегі бизнестің өзекті мәселелерінің бірқатары өздерінің оңды шешімдерін тапқандығын, ірі компаниялардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің шығындарын болдырмауды атап өтті.

Мысалы, Кеңестің бір отырысында Май ауданы шаруа қожалықтарының ұжымдық өтініші қарастырылды. Оларға жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган жер учаскелеріне паспорттары жоқтығына байланысты жалға беру шартын тоқтату туралы хабарлама жолдады. Бұл ретте, осы паспорттарды дайындау және беруді ұйымдастыру бойынша міндеттеме жергілікті атқарушы органдарға жүктелген болатын. 

Тағы бір Май ауданының ШҚ өтінішін қарастыру нәтижелері бойынша Кеңеспен кәсіпкердің құқықтарын бұзу жергілікті атқарушы орган тарапынан әрекетсіздікке байланысты екендігі белгіленді. Ол алдында жасалған шаттарды тиесілі емес мониторингке байланысты «Самир» ШҚ ұсынған жер учаскесін басқа жер пайдаланушысына тыйым салуға жол берді.

 Павлодар қаласының аумағында сонымен қатар «Колонияларды жұмыспен қамту – 2017» жобасын іске асыру бойынша мәселе өзекті болды. Осы жоба аясында жеке кәсіпкер Павлодар қаласында орналасқан пенитенциарлық мекемеде киіз үйлер шығаруды ашуды жоспарлады. Бірақ, Облыстың Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жайды кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға тапсырудан бас тартты. Өзінің бас тартуын ол «Еңбек-Павлодар» РММ Павлодарлық филиалында жылжымайтын объектіге мемлекеттік тіркеу құқықтары жоқ екендігін негізге алды. Тек қана осы мәселені бірнеше реттік Кеңес отырысында қарастырылғандықтан «Еңбек-Павлодар» РМК Павлодарлық филиалы тарапынан қылмыстық-атқарушы жүйесінің жылжымайтын объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, Кеңестің отырыстарында бірнеше рет Павлодар қаласында қатты  тұрмыстық қалдықтар жиналуының бекітілген нормаларының жоқтығы туралы мәселе көтерілген болатын. Үш жыл аралығында ҚТҚ жиналу нормалары бекітілмеді. Өйткені, жобаларды есептеу 2014 жылы өз күшін жойған ережелерге сүйеніп жасалды. Осы мәселені Кеңестің отырысында кезекті қарастырған кезде мемлекеттік орган өкілі шешім жобасы бекітіліп, қазіргі уақытта әділет органдарында тіркелуде екендігін хабарлады.     

Осымен, Кеңес отырысының талдамасы Кеңеспен қарастырылуға нақты кәсіпкерлердің мүдделеріне, сондай-ақ, Кеңестің ұсынымдары бойынша кәсіпкерлер пайдасына шешілетін Павлодар облысының кәсіпкерлік субъектісінің шектелмеген санына қатысты мәселелер шығарылатындығын көрсетеді.

«Кеңес өз ұсынымдарын шығарады, солардың негізінде Палата кәсіпкердің күрделі мәселесін, сонымен қатар бар әкімшілік кедергілерді шешу үшін тиісті қадамдар жасайды. Көптеген мәселелер Палатаның Прокуратура органдарымен өзара әрекеттестігі арқасында оңды шешімдерін тапқандығын атап өткім келеді. Олар бизнесті қорғау ісінде стратегиялық одақтас болып табылады» - деп атап өтті Мәди Сыздықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер