«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отбасылық бизнес кооперативке айналды

2017 жылғы 26 Қыркүйек
- Павлодар облысы
7266 просмотров

Екібастұз фермерлері ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытауға үлес қосып отыр

Жеке қосалқы шаруашылықтарын дамутыға шешім қабылдағандардың бірі –Құрылысшы ауылындағы Коколовтар отбасы.

«Жайлау 2017» ӘКК төрағасы Сергей Коколов мал шаруашылығымен айналысқандарына бірнеше жыл болғанын және таяу арада отбасылық кеңесте бизнестің осы бағытын дамытуға шешім қабылданғанын айтты.

«Ауылдастардың көбі шығыны көп, пайдасы аз деп ойлағаннан кейін шаруа қожалығын ашу туралы шешімге келе бермейді. Алайда бұл пікір қате деп ойлаймын. Мысалы біздің отбасымыз ауыл шаруашылығымен көптен бері айналысып келеді, жақында ғана кәсіпті кеңейту шешіміне келдік. Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлініп отырғаны жасырын емес қой. Кімде жеке кәсіппен айналысуға деген ынта болса мүмкіндік те беріледі», – дейді Сергей Коколов.

Фермердің сөзіне қарағанда ауыл тұрғындары күнделікті жұмыстың қарбаласымен-ақ ауылдағы бизнеске қолдау көрсететін бағдарламалар туралы ақпараттан хабардар бола бермейді.

«Біз шағын шаруашылықтар секілді неден бастау керектігін білмедік. Ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдіктер мен субсидиялар туралы көбірек білгіміз келеді. Сондықтан қаладағы Кәсіпкерлер палатасына жүгіндік. Мұнда идеямызға қолдау көрсетіп қана қоймай, барлығын үйлестіруге көмектесті. Біздің ойластырғанымыздың барлығы да бизнес-жоспарға енгізілді. Мұнымен қоса, аз уақытты ішінде шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер де рәсімделді», – дейді жағымды ақпаратымен бөліскен «Жайлау 2017» ӘКК төрағасы.

Екібастұз қаласы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Медият Мұсанаптың айтуынша кәсіпкерлікті дамытуда ақпараттың жұмыстың маңызы зор. сондықтан филиалдағы кеңес берушілер тіпті шалғай ауылдардағы да бизнестің артықшылықтарын түсіндіреді.

Сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысуда бизнес жүргізуге қатысты білімнің болмауы да кедергі. Кәсіпкерлер палатасында оқытылатын «Бизнес Кеңесші» курсының арқасында «Жайлау 2017» ӘКК қатысушылары жаңа біліммен сусындады.

Кәсіпкерлер палатасы филиалының ықпал етуімен әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативінің қатысушылар рәсімдеу процедурасынан сәтті өтті, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы берілген қаржыландыруға бордақыланатын төл сатып алынды.

«Ауылдық жердегі бизнес оңай шаруа емес. Сондықтан ауыл тұрғындарына көмек көрсетілген абзал. Палатаның кеңес беруші мамандары қолдау шаралары туралы нақты әрі түсінікті ақпарат беріп, соңғы нәтижеге дейін барлық кезеңде қолдау көрсетіп, жәрдемдесті. Келешекке ойластырылған жоспарымыз көп», – дейді Сергей Коколов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер