«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер терезе торын жасауды қолға алды

2017 жылғы 30 Мамыр
- Павлодар облысы
8524 просмотров

Талғат Қасанов балалар қауіпсіздігі жайлы балалы болғанда ойлана бастады

Балалардың абайсызда жоғары қабаттағы терезелерден құлауы туралы жаңалықтардан жиі естиміз. Бәрін білгісі келетін баланы үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес. Сондықтан қауіпсіздікті ойлаған Талғат қорғайтын әрі терезе жууға кедергі келтірмейтін торды базарда іздейді. Іздегенін таппаған жігіт ағасы қажетті тор нобайын өз істеуге кіріседі.

«Терезе торын өзім жасасам, тор анағұрлым сенімді болады деп шештім. Өйткені әр ата-ана бірден бала-шағасының қауіпсіздігі туралы ойлайды, әрқашан тек жақсылық тілейді. Басында бұл істің арты бизнеске айналады деп ойламаған да едім», – деді кәсіпкер. 

Жаңа торды жасау үшін екі жыл уақыт кетті. Алдымен Талғат арнайы сандық бағдарламалық басқару станогін құрастырады. Осылайша станок арқылы терезе торларын әзірлей бастайды. Бұл торлардың басты ерекшелігі әмбебаптылығында, яғни темір жабдық кез келген терезеге ыңғайлы келеді әрі орнату оңай. Сонымен қатар тордың темір полимерлі жабыны бар. Талғаттың айтуынша бұл тор ересек адамның салмағын да көтереді.

«Тор жоғары қабаттағы пәтерлерге негізделген және тек ашылатын бөлікке ғана орнатылады. Бұл әдіс төтенше жағдай кезінде қажет болады, егер терезеден шығу керек болса, әйнекті сындырып шығуға болады», – деді Талғат Қасанов.

Сериялық өндірісті жолға қою – кәсіпкердің алдына қойған тағы бір мақсаты. Өйткені қауіпсіздіктің бұл түрі үйінде пластик терезесі бар әр үй иесіне қажет. Балалардың қауіпсіздігі мәселесі бірінші орында. Терезе торларынан басқа кәсіпкер өзі жобалаған кронштейндерді де әзірлейді.    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер