«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жас ана ауылдық жерде тігін бизнесін ашты

2017 жылғы 16 Мамыр
- Павлодар облысы
9648 просмотров

Успенка ауылының тұрғыны балалар киімін тігу мен сатуға қатысты жеке кәсібін ашты

Балалар киіміне әрдайым сұраныс жоғары. Әрине, әрбір ана өз нәрестесіне ең жақсысын әрі сапалысын таңдауға тырысады. Людмила Чистова жеке кәсібін бастайтын кезде дәл осылайша ойлаған.

Барлығы да Читовтардың үшінші сәбилерін күткен кезде басталған. Людмила нәрестеге арналған заттардың барлығын өзі дайындағысы келді. Сол уақытта 4 санаттағы тігінші-киім пішуші маманы ретіндегі қабілетін есте түсіруге тура келді. Нәтижесі өзі күткендегіден де асып түсті, отбасылық кеңесті мұндай машық пен икемді бизнес саласында пайдаланып көру керек екені шешілді.

Ісін жаңадан бастаған кәсіпкер мемлекеттің қолдауынсыз мұндай бизнесті бастау оңай болмайтынын атап өтті. Сондықтан «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында жеңілдетілген 6% мөлшерлемемен 3 жылға 2,5 млн теңге сомасында несие алды.

Несие қарызын алу пен жеке кәсіпкерлікті ашу мен тіркеу, бизнес-жоспарды дайындауда Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы көмек көрсеткен. Несие қаражатына қажетті жабдық пен барлық операцияларды орындайтын жаңа технологиядағы тігін машиналары сатып алынды.

Қазір тігін өндірісінде білікті екі маман жұмыс істейді. Ал балалар киімінің үлгісін таңдау, оны пішумен Людмила Чистованың өзі айналысады.

Тігіншілер Гүлмира Байгужинова мен Александра Филенконың осы саладағы тәжірибесі мол. Айталық, Александра Филенко Успенка ауылындағы тұрмыстық комбинатта жеңіл көйлек тігу мамандығы бойынша он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеген. Ауылдастар балалар киімін тігуді зор ықыласпен атқарып келеді әрі мұны оңай, тек ұқыптылық, шыдамдылық пен ынталылық қажет екенін айтады.

«VilurTex» жеке кәсіпкерлігі дайындаған заттар туралы айтсақ, балаларға арнап жөргек, күрте, көйлек, футболка сынды көптеген киім түрлерін тігеді. Барлық киім қонымды, жұмсақ әрі ашық, көзге тартымды түстегі матадан тігілген.

Людмила Чистованың айтуынша, таңдап алынған үлгіні алдымен тігеді, сатып алушылар ұнатып жатса, санын арттырады, яғни сол үлгіні балалардың өлшеміне лайықтап дайындайды.

Сонымен қатар өнім сапасына да көп көңіл бөлінеді. Барлық зат үшін сертификатталған, синтетика қосылмаған, аллергия қоздырмайтын сапасы жоғары мата таңдалынады. Оның ішінде тоқыма, флис, масаты маталары бар.

Дайын өнімді Успенка ауылындағы дүкеннің балалар киімін сататын бөліміне өткізеді. Сонымен қатар басқа да Павлодар, Семей, Тараз, тіпті Калининград қалаларына шағын  саудамен айналысатын тапсырыс берушілерге де жөнелтілді. Іскер әйел болашақта өндірісін кеңейтін, өткізу арығын арттыруды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер