«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының кәсіпкері ауыл тұрғындарына арналған маршрутты қорғап қалды

2017 жылғы 12 Мамыр
- Павлодар облысы
7170 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Железинка ауданының тұрғындарын тасымалдаумен айналысатын бизнеске қолдау көрсетті

2013 жылы Сергей Солтанов Железинка ауылында жолаушылар тасымалдаумен айналысуды бастады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының қолдауымен автобус сатып алған.

«Железинка-Моисеевка» бағытындағы қоғамдық көлік Сергей Солтановтың ауылдастары үшін керемет сыйлық болғанын атап өткен жөн. Себебі ауылдастар көп жағдайда әлеуметтік нысандарға дейін жаяу жетуге мәжбүр болатын. Мысалы, аудандық орталық аурухана Железинка ауылының шетінде орналасқан, сондықтан аталған бағыттағы көлікті железиндіктер қуана пайдалана бастады.

Алайда сұранысы жоғары болғанымен, кәсіпкер үшін маршруттың шығыны үлкен. Сондықтан Павлодар облыстың мәслихатының шешімімен 2015 жылы әлеуметтік маңызы бар, бірақ шығыны көп деп таныған. Оның үстіне Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар маршруттарға қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілері  жергілікті атқарушы органдары төлейтін субсидия алуға құқылы.

Қолданыстағы заңнама талабы мен «Солтан» ЖК бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, Железинка ауданының мемлекеттік өкілетті органдары тарапынан аталған әлеуметтік маңызы бар маршрутқа бекітілген тариф бойынша ешқандай шара қабылданбаған.

Атап айтқанда, Кәсіпкерлер палатасының Железинка ауданындағы филиалы өкілетті органмен осы мәселеге қатысты бірнеше келіссөздер жүргізген, алайда оң шешімге қол жеткізе алмаған.

Орын алған жағдайды объективті түрде қарау мақсатында Кәсіпкерлер құқығын қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі жөніндегі Кеңес отырысында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен бұл мәселе талқыланды.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің сарапшысы Сейфолла Қасымқановтың айтуынша, мемлекеттік органның ешқандай жұмыс атқармағандығынан кәсіпкердің субсидия алу құқығы бұзылған.

Кәсіпкерлер палатасының араласуымен, кәсіпкер құқығы қайта қаралып, «Железинка-Моисеевка» әлеуметтік бағыты толықтай іске қосылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер