«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпкер бір жарым жылдан бері түзету мекемесінде кәсіп аша алмай келеді

2017 жылғы 24 Сәуір
- Павлодар облысы
5827 просмотров

Түзету мекемесінде кәсіп бастауды қалаған павлодарлық кәсіпкер бірқатар қиындықтарға тап болған

Облыстағы құқық қорғау орандары «Колонияларда жұмыспен қамтылу – 2017» жобасының аясында соңғы екі жыл бойы кәсіпкерлерді түзету мекемесінің аумағынан бизнес ашуға тарту бойынша ауқымды жұмыс атқарып келеді.

Жобаның тиімді шартының бірі – бос орынды жалға алудың нөлдік мөлшерлемесі, еңбекақыны төмен мөлшерде төлеу, шикізатт пен дайын өнімнің сақталуына кепілдік беру. Бизнес-қоғамдастықтың пайдасы айқын, алайда іс жүзінде мүлде басқаша.

«Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы қайтарымсыз грант түрінде мемлекеттік қолдауға ие болған жеке кәсіпкер А.Еминов пенитенциарлық мекемеде киіз үй жасау ісін ашуды ойлаған. Алайда кәсіп ашу жолында бірқатар қиындықтарға тап болған.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің басшысы Лашын Баймағамбетованың айтуынша, Облыстық мемлекеттік мүлік және заңдастыру департаменті «Еңбек–Павлодар» РММ Павлодарлық филиалында жылжымайтын мүлік нысанын мемлекеттік тіркеу құқығы жоқтығын негізге алып, А.Еминов жеке кәсіпкерлігіне сенімдік басқару беруден бас тартқан.

«Еңбек–Павлодар» РММ балама ретінде ақылы қызмет көрсету келісімшартына отыруды ұсынған. Келісімшартта кәсіпкерге жылжымайтын мүлікті сенімді басқару құқығын берусіз, технологиялық процестерді іске қосу, жабдықты орнату мен жөндеу, өз қаражатынан электр қуатын есептейтін құралдарды орнату ұсынылған. Шын мәнінде бұл кәсіпкер мен жазаға тартылғандар арасындағы делдалдық қызмет.

Мәселенің бұлай қойылуы Палата сарапшыларының көңілінен шықпады. Кәсіпкердің құқығын қорғау мақсатында облыс прокуратурасына шағым дайындалды. Қадағалау органының тексеруі барысында өндіріс учаскелерінің басшысы коммуналдық қызметтерді пайдаланудың нақты есептеулерін әдіснамалық ұсынымдарсыз, өзі жүргізгені анықталған, әрине бұл кәсіпкерлерді алдағы уақыттаға жұмысын жоспарлау мүмкіндігінен айырады.

Лашын Баймағамбетова кәсіпкердің мәселесі 1,5 жылдан бері шешілмей келе жатқанын айтады.

Лашин Баймагамбетова

Бұл жағдайда пенитенциарлық мекеме ҚР жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу туралы заңнамасын бұзғаны айқын көрініп отыр. Осылайша, кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесіне қысым жасалып отыр. Түзету мекемелерінің аумағында бизнес дамытуға деген қалауына кедергі келтіреді. Бұл мәселе Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауында жатыр», – деп хабарлады Лашын Баймағамбетова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер