«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес­–Кеңесші» жобасы арқылы арманы орындалды

2017 жылғы 18 Сәуір
- Павлодар облысы
5076 просмотров

Павлодарлық кәсіпкердің бала күнгі арманы бизнесінің негізіне айналды

«Бизнес–Кеңесші» жобасының дарынды тыңдаушысы Ерлан Әубәкіров тігін цехын ашуды бекер таңдамаған. Себебі ол бала күнінде анасына тігін машинасын сыйлауды армандаған. Оның анасы он саусағы майысқан нағыз шебер.

Арада жылдар өтіп жатты, тек бала арманын жүзеге асыру қалған еді. Жеке кәсібін бастаған кәсіпкер осы мәселемен Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. «Бизнес–Кеңесші» курсынан өтіп, анасының құрметіне «Сәулет» тігін фабрикасын ашты.

«Сәулет» тігін фабрикасының шағын цехындағы тату ұжым ересектер мен балаларға арнап киім тігеді, ең бастысы өз жұмыстарын шын көңілмен атқарады. Мұнда киім формасын, би ұжымдары мен балалардың шығармашылық топтарына арнап костюмдер, арнайы киімдер мен медициналық форманы және тағы басқаларын тігеді. Дегенмен, кәсіпкер бұл жетістікпен тоқтап қалмай, дамуды көздейді.

Ұлттық нақыштағы киімдерді тігуді жоспарлап отыр. Өз өнімінің желісін жолға қойып, түрлерін де көбейткісі келеді. Әрбір өнімнің өз ерекшелігі бар, әрқайсысына шығармашылық тұрғыдан қараған кәсіпкер өскелең ұрпақты туған жерді құрметтеп, өскен өңірдің мақтанышына айналуды сіңіру керек деп санайды.

Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Ақмарал Сайтқұлова шығармашылық адамның қолынан бәрі де келетіндігін әрі бұл Ерлан Әубәкіровты толық сипаттайтындығын ерекше атап өтті. Палатада оқу курсынан өткеннен кейін бірден істі қолға алған кәсіпкер бизнестің өзге де салаларын қарастыруды қалап отыр.

Ерлан оқу курсынан өткеннен кейін көптеген қызықты дүниені ерекшелеп алғанын, сондай-ақ қалыптан тыс ойлап үйрену керектігін айтады.

«Өздігімен ештеңе келмейтінін түсіну керек, талмай еңбек етіп, әрдайым даму керек. Ешқашан оқуды тоқтатпай, әркез іздену жетістікке жеткізеді», – дейді кәсіпкер


Еншілес ұйымдар

Серіктестер