«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Музыкант өз қолымен өндіріс алаңын құрған

2017 жылғы 13 Сәуір
- Павлодар облысы
5417 просмотров

Өнер саласының маманы есігінің алдында құж-блок пен құм-блок дайындау өндірісін қолға алды

Павлодар облысы Григорьевка ауылының тұрғыны Құдайберген Жағыпаров елу жасты еңсерген азамат, жеке кәсіпті қолға алуды ойластырады. Қандай салаға бет бұру бірден таңдалды, өйткені бастауыш кәсіпкер ұзақ жылдар бойы құрылыста, үйдің ішкі жөндеу жұмыстары, «еуро жөндеу» жасап  еңбектенген. Сонымен Құдайберген Жағыпаров құрылыстың басты шикізаты – кірпіш жасауды қолға алды.

Кәсіпкердің өндіріске жарайтын жер учаскесі, жеке кәсіпкер болып тіркелген құжаты  бар. Құдайберген Мұқанғалиұлы өзінің қаражатына құж-блок пен құм-блок кірпіштерін өндіре бастайды. Жеке кәсіп өнімді үлкен көлемде шығармады, алайда алғашқы тұтынушы өзін көп күттірген жоқ. Күннен күнге кірпішке деген сұраныс артып, тапсырыстар көрші ауылдардан түсе бастағанда кәсіпкер өндірісті көбейтуге бел буады.  

 Кәсіпкердің айтуынша өндірісті ұлғайту үшін жеке қаражат жетінкірімеді, өздігінен банкке барып, жоғары пайызбен несие алу ақымақтық. Осы кезеңде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы көмекке келді.

Құдайберген Жағыпаров Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасына өтінім береді. Алғашында кәсіпкер құжаттар мен несие алу жолдарын түсіне алмады, Палата мамандары оған кезе-кезеңмен бәрін түсіндіріп берді. Соның нәтижесінде «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы несие алынды.Бағдарлама бойынша алынған қаржыға кәсіпкер қосымша жабдық сатып алады. Бүгінде «ИП Данияр» жеке кәсіпкерлігі кірпіштен бөлек аяқжол тақтасы, сәндік тас жасайды. 

«Өзінің күшіне сену, тәуекелге бару – бизнес-идеяны жүзеге асырудың факторы», – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Әнуар Қалышбеков.

Палата директоры кәсіп ашқысы келетін, бірақ алғашқы қадам жасауға жүрексінетін адамдарға Өңірлік кәсіпкерлер палатасына келуге кеңес береді. Палата бизнес-жоспар құру, заң талаптарына сай кепілзат құжаттарды реттеу, несие алуда сүйемелдеу, кеңес беру, салықтық, заңдық, бухгалтерлік кеңес беру қызметтерін тегін орындайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер