«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл тұрғындарына «тосынсый»

2017 жылғы 13 Қаңтар
- Павлодар облысы
5946 просмотров

Тәуелсіздік мерекесіне орай, Железин ауданында кәсіпкер Галина Акифьева өзінің бұрыннан келе жатқан арманын іске асырып, «Каприз» деп аталатын фотосалон ашты

Галина Акифьева фотосалонды ашу арқылы ауыл тұрғындарына тамаша сыйлық жасағанын атап өту керек. Себебі, мұнда фотоқызметтермен қоса, перифериялық құрылғылар, компьютерлік техника жөндеу бойынша, сонымен бірге полиграфиялық және сублимациялық қызметтер көрсетіледі. Бұдан басқа кеңсе тауарларының саналуан түрі ұсынылады.

Галина Владимировна бизнес ашу туралы идеясын жүзеге асыру барысында  тұтынушыға сапалы және тамаша қызмет ұсыну – ең басты талап болады деп шешкен. Оның үстіне, ауданда мұндай нысан мүлдем жоқ. Кәсіпкер Железин ауданының Кәсіпкерлерді қолдау орталығына кеңес алу үшін хабарласқан. Онда оған «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының шарттарын түсіндіріп, жобаға қолдау көрсетті. Кепіл мүлікке құқық беретін құжаттар да сәйкестендірілді. Қажетті құжаттардың толық пакеті жинақталып, бизнес-жоспар жасалды.

Несиенің арқасында Галина Акифьева кеңсе сатып алып, оған жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, жұмысына қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Бизнесвуменнің айтуынша, «қалауын тапса қар жанады».

«Заманауи үрдістерден қалмастан, біз көрсетілетін қызметтер санын арттыруға, фотоқызметтер спектрін кеңейту үшін техникалық мүмкіндіктерді арттыруға ұмтылатын боламыз және сол арқылы өзіміздің тұтынушыларымызға жақындай түспекпіз», – дейді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер