«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті ауылдан баста!

2016 жылғы 26 Желтоқсан
- Павлодар облысы
8703 просмотров

Биыл Кәсіпкерлікке қолдау көрсететін 12 орталықта бизнес бастағысы келген тұрғындарға және бизнес өкілдеріне 13 мыңнан аса қызмет көрсетілген

Өтініштер мониторингі көрсеткендей, қалаларда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы сұранысқа ие болса, ал ауылдарда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «Агробизнес-2020» бағдарламалары сұранысқа ие.   

Ертіс, Павлодар аудандары мен Екібастұз моноқаласының кәсіпкерлері жоғары белсенділік көрсеткен, осы елдімекендердің әрбірінен 1000-нан аса бизнес өкілі кеңес сұрап келген.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының менеджерлері жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрайтын 600 жобаны сүйемелдеп, 400 жаңа жұмыс орны ашылған.

Өз ісін ашуға 245 кәсіпкер мүмкіндік алып, 175-і өз кәсібін кеңейткен. Мәселен, Екібастұз қаласында сұлулық салоны мен тырнақ жөндеу студиясы ашылды, дүкендер, наубайхана, Техникалық байқау станциясы, «Анна» фотосалоны, ірі қара мал өсіретін шаруа қожалығы, «Кренделек» деген балалар кофеханасы, макарон шығаратын цех ашылса, Железинск ауданында «Каприз» фотосалоны қызмет көрсете бастады, Павлодар ауданында – газды бетон мен тротуар тастар шығаратын шағын зауыт жұмыс іске қосылды, ешкі сүтін өндіретін сүт зауыты, демалыс орталығы, тамшылатып суару жүйесі енгізілді, құрама зауыт пен көкөніс қоймасы ашылды.

«2016 жылы біз өңірдегі бизнеске қаржылық емес көмек көрсетуді жалғастырдық. Ауқымды жұмыстар атқарылды, оның нәтижесі кәсіпкерлер әрдайым қолдауға мұқтаж екенін көрсетті. Біз рұқсат құжаттарын алуға көмектесеміз, бизнесті ашуға қажетті барлық құжаттарды реттеп береміз. Кеңес беру қызметтерімен қатар жобаны сүйемелдеу жұмыстарын жүргіземіз, бизнес-жоспар құрамыз, кәсіпкерлердің мүддесін қорғаймыз», – деп атап өтті облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов.

«Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 735 тыңдарман оқып үйренді. Курстан кейін 122 тыңдарман өз ісін ашты, жалпы сомасы 74,4 млн теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асты, арасында қызмет көрсету, құрылыс, жүк тасымалы, сауда саласын қамтитын жобалар бар, 95 жаңа ЖК ашылды. Жоба аясында мемлекеттік несиенің және жеке қаржының есебінен 18 жоба кеңейтіліп, жаңадан ашылды, олардың жалпы сомасы 42,2 млн теңгені құрады. Одан бөлек, 100 кәсіпкер «Бизнес-өсу» бағдарламасы бойынша білім алды.

2016 жылы бизнес субъектілеріне 2000-нан астам қызмет көрсетілді, маркетинг қызметі, бухгалтерлік есеп жүргізу, салық төлеу саласы бойынша құқықтық көмектерге мұқтж адамдардың көп екені белгілі болды. Кәсіпкерлердің сауаттылығын көтеру үшін, әртүрлі сала бойынша 50 шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

2016 жылы өңірлік Кәсіпкерлер палатасы жанынан Жас кәсіпкер мектебі жұмыс істей бастады, онда 66 жас бизнесмен оқыды. Оқу қорытындысы бойынша «Идеялар жәрмеңкесі» өткізіліп, онда сарапшы комиссия ең үздік жобаларды іріктеп алды, олар Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылып, алғашқы табыс түскенше палатаның қамқорында болды. Жас кәсіпкерлер мектебін бітірген соң, 4 жоба өңірлік «Ертіс-Инвест-2016» форумына қатысуға жолдама алды, олардың 2-і жалпы сомасы 600 000 теңгені құрайтын Жастар бастамасын қолдау орталығының грантын жеңіп алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер