«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бірінші бизнес, сосын саясат

2016 жылғы 09 Желтоқсан
- Павлодар облысы
4395 просмотров

Саяси мәселелер салдарынан павлодарлық кәсіпкер сот дауына қатысуға мәжбүр болды

Оқиға былай болған. Ауылшаруашылық бөлшектерін шығарумен айналысатын «ТПБ Агромир» ЖШС 2016 жылдың басында Қырым Республикасына тауар жеткізген. Онымен қоса кәсіпорын заң бойынша барлық салықтарды төлеп, сәйкесінше салықтық есепті де өткізген.

Алайда ЖШС бірнеше ай өткен соң, салық органдарынан қосымша кедендік алымдар төлеуді талап еткен ескерту алады. Сонымен қатар, олар, ЖШС-нің шетелдік тауар жеткізушілермен жасаған келісімін жарамсыз деп таныған.

Барлығына Қырым Республикасын Ресей Федерациясы аумағы ретінде Қазақстан Республикасында тану туралы ресми құжаттың болмауы себеп болған көрінеді.

«ТПБ Агромир» ЖШС директоры Наталья Поплавецтің айтуынша мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған.

«Сот даулары кезінде осы сияқты проблема тек біздің өңірде ғана туындағаны анықталды. Басқа өңірлерде екі ел кәсіпкерлері арасында келісім ешқандай проблемасыз жасалады, оған қоса Қырымды Ресей Федерациясының бөлігі ретінде тану/танымау мәселесі ескерілмейді. Бізге келгенде ғана мәселе өзекті бола қалды. Мемлекеттік орган тарапынан кәсіпкерді жазалау шарасы ретінде кәсіпорынның бірінші басшысына 100 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды. Әкелінген тауарды қайтару керек деді. Алайда сол Салық комитетінің ескертпесін алған кезде, ол тауар қайта өңделіп, сатылып та кетті. Проблеманың шешілуін біздің кәсіпорын күтіп отыра алмады, қанша дегенмен өндіріс қиындыққа ұшырамауы керек қой», – деп шағымданды кәсіпкер.

ЖШС басшысы облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшыларынан сотта кәсіпорынның мүддесін қорғауды сұрады.

«Кәсіпкерлер палатасының басты қағидасы – елдегі кәсіпкерлердің заңды қызметіне кедергі келтіруге жол бермеу. Аталған мәселеде бизнес жұмысына бөгет жасалғаны анық. Кәсіпкерлерден қосымша кедендік алымдар талап етілген. Мұның себебі келісім Кедендік одаққа кірмеген елмен жасалған деп түсіндірілді. Осы оқиғаға қатысты туындаған сот даулары кезінде ЖШС  шығындарға батты, сонымен қатар алтын уақытын жоғалтты», – деп түсіндірді Өңірлік палата сарапшысы Серік Әубәкіров.

Бірінші және екінші сот инстаницялары нәтижесінде судьялар кәсіпкер жағында болды. Сот шешімі бойынша салық органының талабы заңсыз деп танылды.

«Сот парасаттылық пен әділеттілік өлшемдерін басшылыққа алып, біздің көрсеткен кірістеріміз бен жағдайдың қаз-қалпында түсіндіргенімізді ескеріп, салық органдары әрекетін негізсіз деп таныды», – деп атап өтті Серік Әубәкіров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер