«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Басты мақсат – инвестиция тарту

2016 жылғы 02 Қараша
- Павлодар облысы
10572 просмотров

Павлодарда «Ертіс Инвест-2016» атты жыл сайынғы халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр

Ауқымды шараны ұйымдастырушылар қатарында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы да бар.

Шақырылған қонақтар арасында – Инвестициялар және даму, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктерінің, даму институттары мен Ұлттық компаниялардың өкілдері, қазақстандық және шетелдік сарапшылар мен бизнесмендер бар. Барлығы 500-ге жуық мейман қатысуда.

Форум аясында Павлодар облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылатын пленарлық отырыс пен алты панельдік сессия өтпек. Онда спикерлер мен шетелдік қонақтар кәсіпкерлікті дамыту, Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы кооперацияның рөлі, экономикаға инвестиция тартудағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің орны, экология және ЕЭА (еркін экономикалық аймақ) мәселелері талқыланбақ.  

Іс-шараның күн тәртібінде, сондай-ақ, Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасы – инвестициялық тартымдылығы жоғары бизнес-жобалардың мәліметтер базасы таныстыралады деп жоспарланып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер