«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тәуелсіздікпен бірге өркендеген

2016 жылғы 31 Қазан
- Павлодар облысы
10181 просмотров

Жас кәсіпкер Наталья Маршинина Қазақтан Республикасы Тәуелсіздігімен тел өскен. Ол қазір Қашыр ауданында тұрып жатыр 

Наталья бала күнінен бері маңайындағыларды  сәндеп, әсемдеуді ұнататын болған. Келе-келе өз бизнесін ашуға бел буады. 2011 жылы Наталья жеке кәсіпкерлігін тіркеп, қажетті жабдық сатып алды, алғашқылардың  бірі болып бизнес бастады. 

«Менің жеке кәсіпкерлігім «21 ғасыр» деп аталады. Міне 5 жыл болды,  тұрғындарға және ауыл қонақтарына шаштараз қызметін ұсынамын. Арманыма жету үшін жергілікті лицейде оқып, мамандық алдым. Биыл мен 25 жасқа келемін, ел Тәуелсіздігімен жастымын. Бір орында тұрып, тоқырап қалған емеспін, еліммен бірге өсіп, өркендеп келемін»,– деп сыр бөліседі жас кәсіпкер.

Шаштараздың қызметін тұрақты пайдаланатын клиенттер бар. Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушілері де шаштарын осы шаштаразға келіп қысқартады.

«Жыл өткен сайын біліктілігімді арттырып, шаш қиюдың жаңа тәсілдерін игеріп келемін. Демалыс күндерім де жоқ, өйткені ауылдастарыма әрдайым  қажетпін. Күніне 10 адам келетін күндер болады. Мен тіпті қабақ та  шытпаймын, өзімнің сүйікті ісімді қуана-қуана атқарамын», – дейді Наталья.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер