«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қисынсыз айып тағылған

2016 жылғы 23 Қыркүйек
- Павлодар облысы
7790 просмотров

Палата сарапшылары протездік және ортопедиялық бұйымдарды шығаратын павлодарлық фирмаға тағылған «біліктілік талаптарына сай келмейді» деген айыпты орынсыз деп отыр

Мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігінің шектелгендігін дәлелдеп, ақиқатқа қалай көз жеткізуге болады? Мұндай жайтты Павлодарлық бизнесвумен Айгүл Хамиева басынан өткерген. Алайда, мәселенің мән-жайын анықтау жалғыз өзінің қолынан келмегендіктен, кәсіпкер Өңірлік палата кәсіпкерлерінің сарапшыларынан көмек сұрайды. Сарапшылар болса, фирманы «біліктілік талаптарына сай келмейді» деп тану орынсыз екенін дәлелдеуге тырысқан.

«Ортопрот» фирмасы ЖШС Павлодар өңірі нарығында 10 жылдам астам жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында фирма мүмкіндігі шектеулі жандарды протезді-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етіп, оларды пайдалануды үйретумен айналысады. Бір айта кетерлігі, фирманың Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында стационарлы және амбулаторлы қызмет көрсетуге қажетті барлық ресурстары бар.

Биылғы жылдың шілде айында протездеу қызметімен және протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуларлардың нәтижелері шығарылған. Ал, «Ортопрот» фирмасы ЖШС-нің өтініші техникалық ерекшеліктерге сай келмейді деп қабылданбаған. Десе де, Палата сарапшылары аталған шешіммен келіспеді. Олар мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы талаптарды бекіту арқылы әлеуетті жеткізушінің қатысуын негізсіз қиындатып, шектеп отырғанын дәлелдеп шықты.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Сейфолла Қасымқановтың айтуынша, Мемлекеттік сатып алулар ережесінің 96-тармағына сай, байқау құжаттарының ажырамас бөлігі болып саналатын келісімшарт жобасы мен техникалық ерекшеліктерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылмаған. Осы шектеуге қарамастан, ұйымдастырушылар толықтырулар мен өзгертулер енгізген.

Палатаның қолдау көрсетуінің арқасында, кәсіпкер тендерді ұтып алды. Бүгінгі таңда кәсіпорын келісімшарт бойынша өз міндетін табысты түрде атқарып келеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер