«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл бизнесіндегі басымдықтар

2016 жылғы 23 Қыркүйек
- Павлодар облысы
8779 просмотров

Ауыл тұрғындарына бизнесті дамытуға арналған 10 қадамның басымдықтары туралы әңгімеленді

Ертіс ауданының фермерлері кооперативке бірігуге шақырылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысуға үнделіп, «Атамекен» ҚР ҰКП «Бизнесті дамытуға арналған 10 қадам» бағдарламасының басты бағыттары баяндалды.

Ертіс ауданында орналасқан ауылдардың аграрларына кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылды. Аудандағы Северный, Ағашорын, Голубовка елді мекендері үшін дамудың кешенді жоспары жасалды. Жоспар сол елді мекенде тұратын халықтың және іргелес аудандардың тұрғындарына қолайлы жағдай қамтамасыз етуге бағытталған.

Мысалы, Голубовка ауылының басты даму бағыты – астық өндіру. Ал Ағашорын және Северный ауылдарының негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу болып табылады.

Айта кетерлігі, дамытудың кешенді жоспарында экономиканы дамытуға, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, базарлар мен елді мекендерге дейін көлік қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын енгізу және дамыту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу мен  тұрғындарды жұмыспен қамту қарастырылған.

Кәсіпкерлер палатасының Ертіс аудандық филиалының директоры Ерлан Жетпісов қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мемлекет зор қолдау білдіріп отырғанын атап өтті. Биылғы жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Басты міндеттердің бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұыспен қамтамасыз ету белгіленген. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жекелей алғанда ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорттық әлеуетті дамыту бойынша тапсырмалар берілген болатын.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті дамытуға арналған 10 басым қадамды айқындады.

Мысалы үшін, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Агрокешен дамуын тежеп отырған мәселелердің бірі – өндірістің шағын тауар сипатында болуы. Аталған мәселені шешу мақсатында 2015 жылдың қазанында «Ауыл шаруашылығы кооперативі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Сондай-ақ 10 пилотты кооператив құру бойынша ҰКП мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) бірлескен жоспары жүзеге асырылып жатыр. Оған қоса, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріккеннен кейін арзан ақшаға қолжетімділіктің болмауы сынды мәселелерге ұшырасады. Қаражатқа қолжетімділік мәселесін шешу үшін кооперативтерге бірікен қосалқы шаруашылықтарды шағын несиемен қамту, сондай-ақ, «ҚазАгро ҰБХ» АҚ институттары арқылы жеңілдікпен несилеудің жаңа өнімін енгізу ұсынылды.

Ауыл тұрғындары қолжетімді несиенің есебінен кәсіп бастау, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін арттыру туралы деректерден хабардар болды. Фермерлердің өздері атап өткендей, мемлекеттің қаржылай қолдауы жеке шаруашылықты бастау мен дамыту жолында жақсы бастама болмақ. Сонымен қатар фермерлер, кепіл мүлкін қадағалау және өтініштерді қарау мерзіміне байланысты мәселелерге жиі ұшырасатынын жасырмады. Және де ірі қара малға субсидия беру туралы сұрақтарын қойды.

Голувкова ауылының тұрғыны Бақыт Құсайынованың айтуынша, ол  таяу уақыттан бері  арнайы бөлінген ғимаратта шаштараз ашып, жерлестеріне қызмет көрсетіп келеді. Оның ендігі арманы жеке кәсіпкер ретінде тіркелу болып отыр. Алайда, жас кәсіпкер әйел мұны қайда және қалай жасау керектігінен хабарсыз. Бұл жерде оған, Ертіс аудандық Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге кеңес берілді. Ары қарай тіркеу рәсімімен Кәсіпкерлерді қолдау орталығы айналысатын болады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлікті тіркегеннен кейін Палата сарапшылары барлық есептілікті өз мойнына алады.

«Қазіргі таңда ауыл бизнесін белсенді дамыту аса маңызды. Бүгін кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру үшін ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырдық», – деп қорытындылады Ерлан Жетпісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер