«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Табысты бизнеске не керек?

2016 жылғы 22 Қыркүйек
- Павлодар облысы
8229 просмотров

Павлодарлық кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шарттары мен  талаптары түсіндірілді

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының алаңында өтті. Өңірлік кәсіпкерлер палататасының  сарапшылары кәсіпкерлерді, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының ұсынып отырған қолдауларын белсенді пайдалануға шақырды.

Мысалы, Серік Әлкенов экономиканың басты секторларына, бизнесті бастауға, кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін салық салу режимін таңдау мен тіркеуге қызығушылық танытты.

Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау (сервистік) бөлімінің сарапшысы Наталия Кузяттың айтуынша, шағын және орта бизнесті әр тараптан қолдау және дамыту Кәсіпкерлер палатасының басты міндеттерінің бірі. Осы жағдайда бизнесті қаржылай емес қолдау көрсету бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының төртінші бағыты  маңызды болып табылады. Ол Павлодар қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және 25 менеджер-кеңесші жұмыс істейтін 12-ге тарта Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының базасында жүзеге асырылады. Өйткені кез-келген басшы өз фирмасына жоғары білікті заңгерді, бухгалтерді немесе басқа маманды жұмысқа ала алмауы мүмкін. Ал ҰКП менеджері заң, бухгалтерлік қызметтер, маркетинг және мемлекеттік сатып алулар бойынша кеңес беріп қана қоймай, кәсіпкерге оң нәтижеге қол жеткізгенше, соңына дейін көмектеседі.

Наталия Кузяттың айтуынша, өткен жылдың өзінде 1400-ден аса шағын және орта бизнес субъектілеріне 2 мыңға жуық мамандандырылған қызмет түрлері  көрсетілген. Кәсіпкерлердің қарқыны, көрсетілетін қызмет түрлеріне байланысты, жыл сайынғы сұраныстың артқанын байқатады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Серік Әубәкіров, жасалған меморандумға сай, палата мен облыс прокуратурасының тиімді қарым-қатынас орнатуы, бизнес мәселелерін шешуде оң нәтиже беретінін атап өтті.  Кәсіпкерлердің мәселелері бойынша Палата тарапынан көрсетілетін толық құқықтық қызметтер, қорытындылар мен заңнаманың тиісті нормаларына сілтеме жасалған  болжамды жайттар, сол немесе өзге де мәселелерді прокуратура органдарының толық тексеруін қамтамасыз етеді.

Палата сарапшылары кәсіпкерлермен өткен кездесуді қорытындылай отырып, осылай қарым-қатынас орнатудың оң әсер беретінін атап өтті. Өйткені кәсіпкерлер көкейлеріндегі сауалдарды тікелей қоя алады, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында туындаған мәселелердің шешу жолдарын анықтай алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер