«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шаруаларға білімін жаңартып отыру қажет

2016 жылғы 16 Қыркүйек
- Павлодар облысы
9329 просмотров

Қашыр ауданының малшылары мал азығын даярлау және қарқынды жемдеу технологияларын оқуда

Осы заманғы кезеңнің өзіндік талаптары көп. Солардың бірі күнделікті дерлік жаңарып отыратын инновацияларды, жаңа технологияларды ұдайы ілгерілету. Заман аяқалысынан қалмауға тырысатын агроөнеркәсіптік кешен де ауылшаруашылық өндірушілердің біліктілігін арттыру жүйесін енгізген.

Ауыл шаруашылығындағы мамандарының айтуынша, біздің фермерлердің көп бөлігі тар салаға маманданған. Ал заманалы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін біліктілікті үнемі арттырып отыру қажет. Осыған орай, «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығы фермерлерге арналған үйрету семинарларын өткізуін жалғастырып келеді.

Қашыр ауданының ауылшаруашылық өндірушілері «Ивченко» шаруа қожалығы базасында жемдеу алаңдарында карантинді ұйымдастыру, негізгі диагностикалық және ветеринарлық-алдын алу шараларын жүзеге асыруға қатысты мәселелерді қарастырды. Сонымен бірге, олар жемдеу алаңдарында күйзелісті азайту арқылы бұқалардың салмағын қалай  арттыруға болатынын және малдардың жарақат алуын болдырмау тәсілдерімен танысты.

Мал шаруашылығы саласының маманы Михаил Морозов қазақстандық және шетел сарапшылары жасап шығарған жемдеу орындарында ірі қара малды бағу әдіснамасы туралы айтты. Фермерлер азық беру, малдарды бағу жағдайларымен, азық-жемді даярлау технологиясы туралы біле алды. «Ивченко» шаруа қожалығының жемдеу алаңында кәдуілгі тәсіл мен жаңа әдіснама бойынша азық берудің айырмашылығы көрсетілді. Сонымен бірге, жеке өнімділігі бойынша бұқалардың етті тұқымдарын бағалаудың жетілдірілген тәсілі таныстырылды. Бұл тәсілдің мақсаты – генофондты жақсарту және шаруа қожалықтарын жоғары өнім беретін бұқалармен қамтамасыз ету. Бұл тұста өсу қарқындылығы анықталып, жемді көбею есебінен төлеу мүмкіндігі есептеліп, ет сапасы анықталады. Алынған ақпарат барлық шаруа қожалықтарын қызықтырып, олар семинарға белсенді түрде қатысқанын атап айту керек. Сондай-ақ, олар бірқатар өзекті мәселелер туралы сұрақ қойып, оған толымды жауап ала алды.

Оқытуды қорытындылай келе, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Семинарда олар көптеген пайдалы ақпаратқа қанық болып, алған білімдерін кәдеге жарататынына сендірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер