«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңбыр жұмыссыз қалдыра жаздады

2016 жылғы 15 Қыркүйек
- Павлодар облысы
8897 просмотров

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан павлодарлық кәсіпорын мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушы атана жаздады

«Алнур-Сервис» ЖШС директоры даулы мәселені шешуге көмектесуін өтініп, Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Өйткені №1 Павлодар қалалық ауруханасы кәсіпорынды мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінеді.

Алайда, Палата сарапшылары кәсіпорынға бағытталған наразылық  талаптарының негізсіз екенін дәлелдей алды. Өйткені кәсіпорын тиісті талаптарды толассыз жауған жаңбыр салдарынан орындай алмаған. Бұл жағдайды «Казгидромет» орталығынан алған анықтама дәлелдеп отыр. Ауа райының қолайсыздығының салдарынан фирма құрылыс технологиясын сақтау үшін жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл туралы тапсырыс берушіге де дер кезінде хабар берілген.

Қуантай Қамзиннің айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу технологиясына сәйкес, жаңбырлы күні жұмыс жүргізу қажетсіз болып табылады. Өйткені ол жүргізілген жұмыстың сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Кәсіпкерлер Палатасына, біздің мүддемізді қорғауға көмектескені үшін алғыс айтамын. Әрбір кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы атанудың ауыр зардаптарға әкеліп соқтыратынын біледі. Ол бизнес үшін ауыр соққы болар еді», – деп мойындады кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер