«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі қалай анықталады?

2016 жылғы 02 Қыркүйек
- Павлодар облысы
10412 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында экономиканың даму көрсеткіші ретіндегі бәсекеге қабілеттілік рейтингісі жайлы сөз қозғалды

Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Бегім Тасқұловтың айтуынша, Дүниежүзілік экономикалық форум ұлттық бәсекеге қабілеттілікті ел мен ондағы институттардың орта мерзімді болашақта тұрақты болған экономикалық дамудың  тұрақты қарқынын қамтамасыз ете алатын мүмкіндіктер ретінде қарастырады. Зерттеулер бойынша, ұлттық бәсекеге қабілетті ел өз тұрғындарын жоғары деңгейде қамтамасыз ете алатыны белгілі болған.

Сонымен бірге, экономикалық жағдайға қаржыны тиімсіз басқару мен жоғары инфляцияның кері әсер ететіні анықталған. Ал, керісінше, экономикаға тиімді түрде әсер етуші факторларға интеллектуалды жекеменшік құқықтарын қорғау мен дамыған сот жүйесі және т.б. шаралар жатқызылуы мүмкін.

Бегім Тасқұловтың сөзіне сенсек, басым бағыттардың біріне кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету мен дамыған 30 елдің қатарына ену жатады. Осы тұрғыда, маңызды индикаторларға интеллектуалды құқықты қорғау және оны сақтау, жеке меншік құқығы, даулы мәселелерді шешудегі заңның тиімділігі, әкімшілік реттеудегі таластар салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жатқызылады. 

Ескере кетер жайт, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі экономикалық дамудың түрлі деңгейіндегі әлем елдерінің бәсеке қабілеттілігін толық сипаттай алатын 114 құбылмалы бөлшектен тұрады. Олардың жиынтығының үштен екісі компания жетекшілерінен алынған жаһандық сауалнама нәтижелерінен (бизнес-климатқа әсер ететін ауқымды факторлар жиынын қамту үшін), ал үштен бірі жалпы қол жетімді көздерден (халықаралық ұйымдармен жүйелі түрде жүргізілетін зерттеулер нәтижелері мен статистикалық мәліметтер) тұрады.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Лашын Баймағамбетова кәсіпкерлік қызметті реттеудегі мемлекеттік тиімділік пен қаржылық және қаржылық емес қолдауға баса назар аударды. Мәселен, бүгінгі таңда кез келген азамат өз бизнесін үйден шықпай-ақ онлайн-режимде аша алады. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер үшін, салық есебін беру жиілігі де қысқартылған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер