«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақсудың бизнесі сәтті салоны

2016 жылғы 23 Тамыз
- Павлодар облысы
9875 просмотров

Ақсудағы «Вуаля» салонының басты қағидасы – әрбір клиентке жеке қызмет көрсетіп, көңілінен шығу

«Біз әрбір клиенттің атқарған жұмысымызға және ортақ жетістігіміздің нәтижесіне риза болғанын қалаймыз. Салонымыз мемлекеттік сатып алуларға белсенді қатысады, сондай-ақ мектеп киімдерін тігу мақсатында Ақсу өңірінің білім ордаларымен тығыз байланыста жұмыс істейді», – деді салон басшысы Татьяна Горькова.

«Вуаля» салонының Ақсу қаласының нарығына шыққанына көп бола қойған жоқ. Олар маталарды сатумен, перделерді, төсек-орын жапқыштарын және жастықтарды тігумен айналысады. Аталмыш орын аз уақыттың ішінде келушілердің сенімінен шыға білді.

Кәсіпкер әйелдің айтуынша, Кәсіпкерлер палатасының филиалы рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу барысында белсенді көмек көрсетіп, сауда-кеңселік орынды пайдалануға ықпал еткен.

Кәсіпорын 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер өз бизнесін ары қарай кеңейтіп дамытуды, мата түрлерін көбейтуді, сонымен қатар, пәтерді безендіруге арналған керек-жарақтарды сатуға шығаруды жоспарлап қойған.

Салон мамандарының сөзіне сенсек, олар әрбір келушінің тілегі, талабы, қаржылық жағдайы қандай болмасын түсіністікпен қарап, көмек қолын созуға әрқашан дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер