«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бала күнгі арманы орындалды

2016 жылғы 03 Тамыз
- Павлодар облысы
14184 просмотров

Ақтоғай ауданының тұрғыны Жанар Рапықова жылқы өсірсем деген бала күнгі арманын іске асырды

«Жылқы қай сыннан болса да сүрінбей өткен қасиетті жануар. Жанына жақындасаң жүйкең мен ағзаң жақсарады, бір сағат мінсең, жан-дүниең тынышталады. Мамандығым мұғалім болса да, балалық шақтан жылқы өсіруге қатысты әдістемелік құралдар мен кітаптардан бас алмадым», – дейді ол өзінің сүйікті ісі жайлы.  

Жанардың арманын жүзеге асыруға мемлекет көмектесті. 2015 жылы Жанар аудандық газеттен Кәсіпкерлер палатасының филиалы ауылдағы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша көмек көрсететінін оқиды. Мұнда «Бизнес-кеңесші»  жобасы бойынша білім алды.

Палата сарапшылары, өз кезегінде, осы жобаны толығымен қолдады, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу туралы өтінім беруге көмектесті, жер телімін бөлу комиссиясына қатысу үшін бағдарлама дайындады, 3 млн теңгеге бизнес-жоспар әзірледі.

Жылқы  малы – Қазақстанның ұлттық құндылығы. Ол қай заманда да көлік құралы ғана емес, адамның досы және серігі болып қала береді.  Жанардың сөзіне қарағанда, жылқы бағу оңай шаруа емес. «Бағзы заманнан бері көшпелі қазақтың айнымас досы болып келе жатқан жылқы малы адам нені қаласа, соны береді, ашықса –  асы, кисе –  киімі, қызық қуса – сауық-сайраны, аңға шықса да, шайқасса да серігі. Бірақ қызығымен қоса қиындығы да бар. Ең бастысы – оларды да түсініп, аялау керек. Ат бағудың қыр-сырын ата-анам айтты», – деп сыр бөлісті ауыл қызы.  

Кәсіпкер қызды бизнес-жобасын жүзеге асыруда отбасы толығымен қолдап келеді. Енді бие сатып алып, қымыз өндірумен айналыспақ.

«Филиалдың жәрдемдесуі арқасында арманым жүзеге асты, бизнес-жоспар орындалуда. Кәсіпкерлер палатасы бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерге ғана емес, жаңадан бастағандарға да көмек көрсетуде», – дейді Жанар Рапықова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер