«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық өндірушілердің сатып алуларда салмағы артып келеді

2016 жылғы 28 Шілде
- Павлодар облысы
11069 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында сатып алу мәселесі жөніндегі жұмыс комиссиясының кезекті мәжілісі болып өтті 

Тауарлар мен қызметті сатып алу жүйесін реттеу отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының бірі болып табылады. Мұнда жоғары сұранысқа ие және өндірістік кәсіпорындар мен мемлекетке қажетті тауарларды сатып өткізудің мәні зор.   

Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов Павлодар облысының жүйе құраушы кәсіпорындары қазіргі уақытта осы аймақтың өндірушілерімен 74 млрд  216 млн теңге сомасына  келісімшарт жасағанын айтты.  

Отандық өнімді белсенді тұтынушылар  арасында облыстың 4 қалалық іргелі кәсіпорнын бөле-жара атауға болады:  бұлар  өзара   ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған “Қазақстан алюминиі” АҚ, “Қазақстан  электролиз  зауыты” АҚ, “Еуроазиялық энергетикалық  корпорациясы” АҚ және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС.   

Бизнесмендер мемлекеттік сатып алу жоспарымен кез келген уақытта таныса алады, мұның өзі тәуір көмек. Ал тапсырыс берушілер ОТӨ қатарындағы әлеуетті өнім берушілер/жабдықтаушылар жайлы хабардар етіледі. Кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндірушілердің тізбесін жүргізеді, ол үнемі күн талабына сай жаңғыртылады.

Жұмыс комиссиясы отырыс соңында уәкілетті мемлекеттік органдарға Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілердің, олардың  қатарында тігін кәсіпорындары мен жиһаз өндірушілердің қатысуын ұлғайту мәселесін зерттесін деген тапсырмалар берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер