«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл кәсіпкерінің сәтті қадамы

2016 жылғы 04 Шілде
- Павлодар облысы
12471 просмотров

Бейбіт Өмірзақов мемлекеттің қолдауымен осыдан екі жыл бұрын пластик есік-терезе шығаратын цех ашты 

Пластик терезелер өте қолайлы, алайда оларды орнататын  фирмалар алыстағы ауылға барудан бас тартады.

Лебяжі ауданы тұрғындарының осы заманғы терезе орнатудағы қиындығын, мемлекеттің қолдауымен пластик есік-терезе шығаратын цех ашқан кәсіпкер Бейбіт Өмірзақов шешті.

1 600 000 теңге сома несие алған жеке кәсіпкер 6 станок, компрессор және қажетті шикізат сатып алды. 

Бұл уақыт ішінде өндіріс нығайды, өзінің клиенттері қалыптасты.  Бүгінгі таңда пластик терезе бизнесі нық қадам басып, болашаққа бет түзеген. Сонымен қатар кәсіпорын ауылдағы бірнеше тұрғынды жұмыспен қамтыды.

Кәсіпкердің айтуынша, алғашқы кезеңде өндіріс ашуда біраз қиындықтар кезікті, өйткені жер телімінің нысаналы мақсаты сай келмеді. Палатаның аудандық филиалы қызметкерлері нысаналы мақсатты цех құрылысына ауыстыруға, сондай-ақ инженерлік коммуникацияларды шұғыл жүргізуге жәрдемдесті. 

«Қазір біз жұмыс істеп жатырмыз, жергілікті тұрғындардың сұранысын толық қамтамасыз етеміз. Көрші ауылдардан да тапсырыстар түседі. Есік-терезелердің бағасы әртүрлі тұтынушыларға арналған және пайдаланылатын материалға байланысты. Біз өндірісте ресейлік және түрік материалдарын қолданамыз. Клиенттеріміз есік-терезелердің мөлшерін, моделін таңдайды. Жұмысты сапалы және барынша тез жасауға тырысамыз»,– дейді Бейбіт Өмірзақов.

Жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына 411  адам келіп, кеңес сұрады. Өз бизнесін дамытуға 50-ден астам  тұрғын  несие алды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер