«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ас атасы – нан

2016 жылғы 29 Маусым
- Павлодар облысы
15284 просмотров

Нан өндірісі 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті

Ауылда нан пісіру қай заманда да қасиетті, қадірлі іс болғанымен  ауыр жұмыс деп саналатын.  Нан пісіру еңбексүйгіштік пен шыдамдылықты,  ынта-жігерді  талап етеді.

Осы заманғы технологияның дамуына қарамастан, дәмді нан пісіру қаншама еңбекті қажет етеді, сондықтан бұл жұмыспен өз ісін сүйетін жандар ғана айналысады.

Ауыл тұрғындары  күннен күнге мемлекеттік қолдау көрсететін мақсатты механизмдерді – бизнес-бастамаларды  белсене пайдалануда.

Міне, енді Ертіс тұрғындарына да ерлі-зайыпты Қанат–Наталья Тілеуленовтер пісіретін хош иісті нан-тоқаш өнімдерінен дәм тату бұйырды.  

Палатаның аудандық филиалының белсене қатысуымен отбасы осыдан бір жыл бұрын өз наубайханасын ашты. Жұбайлар барлық нормаларға сәйкес келетін  бөлме-жайды таңдауға, техникалық жарақтануға  мұқият көңіл бөлді,  пешті өз қолдарымен салды, жабдық сатып алды.

Қанат нан пісіру технологиясын өзі жасап шығарды, бұл орайда оған нан пісіруде тәжірибелі адамдар көмектесті. 

Қанат өндіріс ашарда «Әзірге несие алмаймыз, өз қаражатымызды ықтияттап жұмсаймыз», деп ой түйді. 

Алайда уақыт өте келе  кәсіпкерлер өз күшіне кәміл сенді және сату орындарын ұлғайту және нанды бірден жеткізу үшін «ГАЗель» автомашинасын алуды ұйғарды. 

«Зинченко» ЖК «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқыды, Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен бизнес-жоспар жасады, олар құжаттар жинауда да көмектесті.   

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында ауыл кәсіпкерлері «ГАЗель» автомашинасын сатып алды.  

Нан өндірісі 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Қазір 18-ден астам нан-тоқаш өнідерін шығару жолға қойылды. Тауар көтерме саудаға да, бөлшек саудаға да өткізіледі.

Әсіресе ауылдық жерде өз бизнесін ашуға тілек білдірушілер бары көңіл қуантады, олардың көбеюі нұр үстіне нұр. Мемлекеттің   қолдауымен ауылдағы шағын және орташа бизнес белсене дамып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер