«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өзіңе қолайлы аяқ киімге тапсырыс бер

2016 жылғы 29 Маусым
- Павлодар облысы
14086 просмотров

«БЖК-2020» бағдарламасы бойынша ауыл бизнесмені аяқ киім өндірісін іске қосты

Сірә, ешкім бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде аяқ киімдердің көп екендігімен дауласпайтын шығар. Бірақ кейде бізге қажет затты өте ұзақ таңдауға тура келетіні жасырын емес. Тіпті мұқият таңдау да тауар сапасына кепіл болмайды да, сатып алынған аяқ киім сан соқтыруы мүмкін.

Мұндай мәселені аяқ киімді жеке адамның барлық дене ерекшеліктерін ескере отырып тігу арқылы шешуге болады.

Жуырда Аққу ауылының тұрғындары аяқ киімге өздері қалаған өлшем мен дизайн бойынша тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болды.

Аяқ киім шебері Хадис Бейбіт «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында табиғи материалдардан аяқ киім дайындау бойынша кәсіпорынды ашуға 3 миллион теңге көлемінде грант алды.

Палатаның аудандық филиалы «Рымхан» ЖК-не барлық рұқсат беру құжаттарын жинау, бизнес-жоспар құру бойынша қолдау көрсетті, жаңадан бастаған кәсіпкерге салық есептерін рәсімдеуге жәрдемдесті.

Ауыл бизнесмені алған қаражатқа қажет материалдар, жабдықтар сатып алып, өз аяқ киім өндірісін іске қосты.

Ауылдық аяқ киім шебері  ісінің бастамасы сәтті болғанын атап өту керек. Бүгінгі күнде «Рымхан» ЖК өнімдері өз сатушыларын тапты, әрі ауылдастарының ризашылығына ие болды.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер