«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Халық мұрасы

2016 жылғы 28 Маусым
- Павлодар облысы
14745 просмотров

Халық шығармашылығының құпиялары ұрпақтар сабақтастығы арқылы бүгінге жетуде. Біз болсақ, оларды қастерлей сақтап, жаңғыртуымыз және қазіргі заман сарынына үйлестіруіміз қажет

Шалдай ауылының ағаш ұстасы Қанағат Хамитов өз жұмыстарын зор мақтанышпен көрсетті.

«Еңбегі жанды» деген осы шығар, ол өз бұйымдарымен тек шалдайлықтарды ғана емес, сонымен қоса көршілес ауылдық аймақ тұрғындарын да қамтамасыз етіп отыр.

«Ерте заманда жиһазды тек қана ағаштан жасайтын, бірақ тұтастай табиғи өнімнен жасалған бұйымдар қымбат шығатын, сондықтан дайын өнімнің бағасын арзандату үшін және жиһазды қолжетімді ету мақсатында, мен ағаш өнімдерінің қалдықтарынан қалған материалдарды қолдана бастадым», – деп әңгімелейді Қанағат Талапкерұлы. 

Ұсыныс сұраныстан туындайды, осындай ұстанымды негізге алған шебер өз өндірісін ұдғайтуға бел байлады, себебі бүгінде оның жиһаздары мен жәдігерлері бүкіл аудан тұрғындарының сұранысына ие.

Өз ойын жүзеге асыру үшін көмек сұрап ауыл тұрғыны Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгінді. Мұнда оған «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қанағат» ЖК ашуға көмектесті, шалдайлық шебер «Бизнес-кеңесші» курсынан өтті.

Қазіргі кезде ауыл шебері интерьер бұйымдарын жалпы шаршы көлемі 30 шаршы метр бөлмесінде шығарады. Енді кәсіпкер цехты кеңейтуді және жиһаз дайындауға арналған заман талабына сай жабдықтарын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл өндірісті көтеруге, өнімнің түрін кеңейтуге, сонымен қоса жиһаз кәсіпорнында ауылдастар үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге шебер өз өнімдерін жиһаз және кәдесый дүкендері арқылы сатуды көздеуде.

Жаңадан бизнес бастаушы кәсіпкердің ойлағандары іске асып, ауыл адамдарын өз бизнес-ойларын іске асыру үшін ынталандырады деп ойлаймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер