«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сан қырлы жас кәсіпкер

2016 жылғы 28 Маусым
- Павлодар облысы
13433 просмотров

Екібастұздық жас кәсіпкер бизнес пен ғылыми жұмысты тиімді үйлестіріп жүр

Табысты кәсіпкер – бұл, ең алдымен, әрдайым ізденісте жүретін әрі бизнесті дамытудың инновациялық тәсілдерін енгізетін бастамашыл, қайратты адам.

Джеймс Гуднайт айтқандай, «бизнесте табыстың кілті – инновацияда, ал ол жасампаздық боп дүниеге келеді».

Іскер топтардың арасында жас бизнесмен Мирхат Мұсанап жасампаз, әлеуметтік жауапты кәсіпкер ретінде танымал.

Швейцариялық бизнес-мектептің және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі, «ЭМИРЭЙТ» ЖШС директоры, оған қоса Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты Мирхат Мұсанап Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі. Бизнесмен өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына белсенді түрде қатысып, қолдау көрсетеді.

Жас бизнесменнің табыстарын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз деңгейінде бағалады. «Атамекен» ҰКП ІІІ Съезінде экономика мен жеке кәсіпкерліктің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ол ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды.

Келешегі кемел басқарушы көмір және темір жол өнімдерін сататын кәсіпорынның іргесін қалады. Сондай-ақ оның бастамасымен көліктік-логистикалық компания табысты жұмыс істеуде. Темір жол саласы үшін қосалқы бөлшектер өндірісі іске қосылды.

Уақытының тығыздығына қарамастан, жас кәсіпкер ғылыми жұмысқа да уақыт тауып жүр. Ол халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға ұсынылған тасымалдау, логистиканы ұйымдастыру, темір жол көлігімен жүк тасымалының бағасын жасау мәселелеріне арналған ғылыми мақалалардың авторы.

Ұжымдық қызметтің халықаралық заманауи тәжірибесін енгізудің арқасында ол өз бизнесін жаңа сапалы деңгейге көтерді. Оң тәжірибелер мен байланыстар жинақталды, оның компаниялары ел аумағында да, шет елдерде де сенімді әрі жауапты тасымалдаушы ретінде мойындалды.

Бизнесмен қайырымдылыққа кез келген кәсіпкерлік қызметтің бөлінбес бөлігі ретінде ерекше көңіл бөледі.

«Бизнес пен қайырымдылық – өзара байланыста, өзге жандарға көмектесу – әр адамның жеке жауапкершілігі», – дейді Мирхат Мәдениетұлы.

Бүгінгі таңда бизнестің барлық дерлік саласында жас, табысты кәсіпкерлердің өздерін әйгілендіріп үлгергендігін, нарыққа келешегі зор жобалар шығарып, сапалық жағынан жаңа тауарлар мен қызметтерді ұсынатындығын, экономикамыздың болашағы сенімді қолда екенін дәлелдей отырып, жетістіктерге жетіп, тәжірибелерімен бөлісіп жүргендіктерін айып өту қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер