«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Немістерден үйренеріміз көп

2016 жылғы 24 Маусым
- Павлодар облысы
12040 просмотров

Кәсіпкерлерді «Аға сеньорлар» және «Іскерлік байланыстар» тәжірибе алмасу бағдарламаларымен таныстырды

Тәжірибе алмасу – бұл өзгелер үздік жасай алатын дүиелерді қарастырып, олардың жұмыс істеу әдістерін жетілдіріп, қолданысқа енгізу өнері.

Бұрынырақта тәжірибе алмасудың жақсы дағдысы болған еді. Бүгінгі таңда да бұл дәстүр қайта жаңғыруда.

Кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлерді «Аға сеньорлар» және «Іскерлік байланыстар» тәжірибе алмасу жөніндегі бағдарламалармен таныстыратын дөңгелек үстел өтті.

Аталған жобаларды жүзеге асыру экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау танытуға бағытталған.

«Аға сеньорлар» компоненті басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, құрал-жабдықтады енгізіп, қызметкерлерді оқыту мәселелері бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту мақсатында жүзеге асырылуда.

«Іскерлік байланыстар» құралы бойынша осы жылы Павлодар облысынан 3 кәсіпкер тағылымдамадан өтіп келді.

«Бұл барлығы үшін тиімді. Бизнес-процесстерді басқаруда жаңа тәжірибе жинақтайсың, өзім үшін көп нәрсе алдым. Тағылымдама ой-өрісіңді түбегейлі өзгертеді. Осы жаққа енгізуді жоспарлап отырмыз. Неміс фирмаларының бірімен келіссөздер жүргізудеміз, шикізат жеткізуге шарт жасалады деп ойлаймын, сосын әріптестікті жалғастыра береміз», – дейді «Мега Плюс» ЖШС директоры Ғалия Мерғалиева.

«Мерусар және К» ЖШС-ның өкілі Арыстан Маханов Германияда жүргенде  пластиктерді қыздыру тәсілімен қалыпқа келтіретін құрылғылар дайындаумен айналысатын ірі зауыттарға барғанын айтты. Сондай зауыттардың бірімен баға жөніндегі ұсыныстар мен техникалық ерекшеліктерді дайындау процесі жүргізілуде.

«Сөзсіз, тағылымдама дегеніміз – дамуға қарай 10 қадам аттау, Германияның бизнес-мотиваторлары өндірістік процесстерді жетілдіруге ынталандырады. Келген бетте кәсіпорнымызда кері байланыс жүйесін енгіздім. Яғни, аптасына бір рет бір сағаттық уақыт бөлеміз, сол уақытта жұмысшылар еңбек өнімділігін қалай жақсартуға болатындығы туралы пікірлерін білдіре алады. Барлығына бұл бағдарламаның нәтижелілігіне күмән келтірмей, сенуге кеңес беремін», – дейді кәсіпкер.

Өңірлік палата бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра береді. Шет елде тағылымдамадан өту үшін өтінімдер пулы қалыптасып келеді, бизнесті дамыту үшін бұл құралды әр бір кәсіпкер пайдалана алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер